Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Елордада «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді
Нұр-Сұлтанда «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені бүгін қолданысқа берілді. 200-ден астам астаналық отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 30 Желтоқсан, 2019
Бірқатар мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады
Қазақстан Президентінің атына бірқатар мемлекеттің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылмен құттықтаған жеделхаттар келіп түсуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Ақтаудың әскери қызметшілеріне пәтердің кілттері табысталды
Ақтау қаласындағы әскери қалашықта 96 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әскери қызметшілерге кілттер салтанатты түрде табыс етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 30 Желтоқсан, 2019
Жерігілікті әскери басқару органдарын тексеру күтілуде
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Жаңа жыл мерекесінде күн жылы болады
Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады.
Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2019
Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
«Air Astana» Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында қосымша рейстер ашты
«Bek Air» әуе компаниясы ұшырылымдарының уақытша тоқтатылуына байланысты 2019 жылғы 27-31 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған әуе компаниясының Нұрсұлтан-Қызылорда, Қызылорда - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Атырау, Атырау - Шымкент, Шымкент - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Алматы - Орал, Орал - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Алматы, Алматы - Павлодар, Павлодар - Алматы, Ақтау - Шымкент, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Шымкент, Алматы - Нұр-Сұлтан, Шымкент - Атырау, Атырау - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Шымкент - Ақтау бағыттары бойынша 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157 билет (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) сатылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2019
Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Елордада жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті
Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті. Шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 30 Желтоқсан, 2019
2019 жылы Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы туралы Үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.