Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24435 материал табылды

Саясат • 27 Ақпан, 2020

Зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейді

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Мүмкіндігі шектеулі жандар назардан тыс қалмайды

Бөрлі ауданында ерекше қажеттіліктері бар 1300-ден астам адам өмір сүреді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов Facebook парақшасында жазды.

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Елордалық Достық үйінде Алғыс күніне орай мерекелік шара өтеді

28 ақпан Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады .

Әлем • 27 Ақпан, 2020

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адам коронавирус жұқтырған

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1595-ке жетті. Бір тәулікте елде 334 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Індеттен 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген.

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтан: Қар тазарту жұмыстарына 1605 жұмысшы тартылды

Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1344 техника бірлігі мен 1000 жұмысшы жұмылдырылып, 24094 текше  метр қар шығарылды (2008 рейс). Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жауын-шашын мөлшерінің көп болуына байланысты қалада көктайғақ байқалады. Дабылды ескерту жарияланды. Коммуналдық қызметтер қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып, көктайғақты болдырмау үшін тайғаққа қарсы қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 200 ассенизаторлық машина су жинауға шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

«Bek Air» компаниясының тексеру қорытындысы жарияланды

«Bek Air» компаниясына жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы жарияланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, компанияда әуе сапарын және ұшуға жарамдылықты ұйымдастыру, мұздауға қарсы өңдеу процедуралары, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтау тәртібі тексерілген.

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Еліміздің жеті облысында жол учаскесі жабылды

Елімізде жеті облыстағы 25 жол учаскесі жабылды. Атап айтқанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық жолдары жол жабық. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды

Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 27 Ақпан, 2020

Алаяқтарға сенбеуге шақырады

Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының иелері азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражаттарын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты арыздар түсуде.

Яндекс.Метрика