Қазақстан • 24 Ақпан, 2020
Биыл елімізде жолдарды жабу екі есеге көбейген
Қысқы кезеңнің басталысымен ауа райының қолайсыз жағдайлары Қазақстан жолдарында қозғалысты шектеудің 800-ден астам оқиғасына себеп болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 24 Ақпан, 2020
Асқар Мамин Михаил Мясниковичті қабылдады
Премьер-Министр Асқар Мамин биылғы ақпан айынан бастап өз міндеттерін атқаруға кіріскен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2020
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың денесі табылды
Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 24 Ақпан, 2020
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Еуразия экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Елордада су басу қаупі бар 30-дан астам учаске анықталды
Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Комиссия қала аумағында су басу қаупі бар 30-дан астам учаскелерді анықтады. Көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ арықтарды, нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан басқа, Есіл өзенінің арнасын (Ш. Бейсекова көшесіндегі көпірге дейін аудан) кеңейту жұмыстары аяқталды. Арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 24 Ақпан, 2020
«Астана Операда» П.Чайковскийдің мерейтойы атап өтіледі
1 наурыз күні «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына атақты композитор П.Чайковскийдің 180 жылдығына арналған симфониялық музыка концерті ұсынылады. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 24 Ақпан, 2020
Рустам Манарбекұлы жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2020
Қазақстанда 19 мың шетелдік азамат еңбек етуде
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 137 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 24 Ақпан, 2020
Иран мен Түркия шекарасында 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Кеше жергілікті уақытпен түнгі 23:44-те болған, зілзаланың магнитудасы 4,8 балды құрап отыр. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Тағайындау • 24 Ақпан, 2020
Д.Бекманов Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.