Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22516 материал табылды

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019

Қоғамның алға басуының айғағы

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент лауазымына кіріскен алғашқы күннен бастап халықпен санасатын, қоғамның айтқанын ести білетін, оған құлақ асатын билік қана азаматтық қоғамды дамытып, мемлекеттілікті нығайтады, экономиканы өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсарта алады деген болатын. Сондықтан да Мемлекет басшысы өз Жарлығымен мемлекет пен қоғамның сенімді диалог алаңына айналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып оған елдегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, қоғам белсенділерін қатыстырып, халықты көптен толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерді талқылап, оның шешу жолдарын қарастырып, небәрі 3-4 ай шамасында көптеген іс-шара атқарды.

Саясат • 27 Желтоқсан, 2019

Бас прокуратура жылды қорытындылады

Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды.

Тағайындау • 27 Желтоқсан, 2019

Жаңа басшы тағайындалды

Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Президенттік сынақ және президенттік көпсайыс федерациялар одағы» ЗТБ кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Аталған кездесуде федерацияның жаңа басшысы тағайындалды. Бұл орынға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов сайланды.

Саясат • 27 Желтоқсан, 2019

Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді

Президент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында елдің қоғамдық-саяси өміріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізді. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) екінші отырысы – осы тұжырымдамалық ұғымның мазмұндық толтырылуының көрсеткіші. Бұл сөзімізге ҰҚСК отырысында жарияланған маңызды саяси шешімдер дәлел бола алады. Бұл жұмыс топтарының, консультациялар, кеңестер, Президенттің Ұлттық кеңестің жекелеген мүшелерімен жеке кездесулерінің нәтижесі болды. Бірінші реформалар пакетінде әлеуметтік-саяси модернизацияның ең өзекті, маңызды мәселелері қозғалды.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019

Кепілдендіру қоры жаңа өнімді іске қосты

Қорды құрудың мақсаты – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, кепілдік жағдайы басталған кезде үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын ынталандыру.

Экономика • 27 Желтоқсан, 2019

Бизнес-омбудсмен мәселені жалғыз шеше алмас еді...

Қазақстанда бизнес-омбудсмен институты қалай пайда болды? Содан бастайық. 2013 жылдың басында Қазақстанның барлық бизнесін бір жерге шоғырландырған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Кейінірек, 2016 жылы Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізіліп, онда Қазақстанның бизнес-омбудсмені қызметіне жеке тарау арналды. Барлық қажетті құқықтық база құрылғаннан кейін ғана Қазақстанның бизнес-омбудсмен институтын енгізу мүмкіндігі туды.

Парламент • 27 Желтоқсан, 2019

Кез келген аймақта тіркеуге болады

Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Медицина • 27 Желтоқсан, 2019

Стационарлық көмек – кешенді көмек

Медициналық қызмет түрлерінің ішінде стационарлық көмектің алатын орны ерекше. Бұл көмектің екі түрі бар. Бірі – жоспарлы түрдегі стационарлық көмек, екінішісі – шұғыл түрдегі стационарлық көмек. Осы екі бизнес-процесте қабылданатын ем туралы, оны тағайындау барысындағы басқа да процестерді біліп жүру – әр адам үшін аса маңызды.

Қаржы • 27 Желтоқсан, 2019

Аграрлық несие корпорациясының жаңа филиалы ашылды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіретін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тағы бір филиалмен толықты. Жаңа филиал құрылғанына бір жарым жыл уақыт болған Түркістан об­лысының орталығында ашыл­­ды. Филиалдың ғимараты келу­­­шілер үшін ыңғайлы орында, яғни Түркістан қаласының орта­лық көшесінде орналасқан.

Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019

Мұрат Жүребеков бірінші Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков бірінші Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.