Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19537 материал табылды

Ғылым • 19 Шілде, 2023

Ғылым мен білім – бірлік пен берекенің түпқазығы

Жуырда Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөнінде өткізген кеңесте Астанада үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отырғанын айта келе, бұған жол беруге болмайтынын ескертті. «Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіледі. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады. Сондықтан елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Банк • 18 Шілде, 2023

Бағасы артқан банк секторы

Елдегі 21 екінші деңгейлі банктің жиынтық актив­тері биыл наурыз айын­да 2,2% немесе 967 млрд теңгеге ұлғайып, 45 трлн теңгеге жетті. Ак­тив­тердің өсуі өтімді актив­тердің 2,7% немесе 512 млрд теңгеге ұл­ғаюы нәтижесінде бол­ды. Өз кезегінде өтімділігі жоғары активтер 13,6 трлн теңгені немесе актив­тердің 30,1%-ын құ­рады. Бұл банктерге клиент­тер алдындағы мін­дет­темелеріне толық көлем­де қызмет көрсетуге мүм­кіндік береді.

Қоғам • 18 Шілде, 2023

Балаларға арналған төлем картасы

Жыл санап онлайн есеп айырысу үрдіске еніп келеді. Екінші деңгейлі банктердің төлем карталары мен цифрлық қызметтері өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ересектерді былай қойғанда, балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығына батыл қадам жасап, жалпы цифрлық қаржылық қызметтерді белсенді игеріп жатыр. Соңғы жылдары 6-18 жас аралығындағы балалар ата-анасының төлем картасына байланған банк карталарын белсенді аштыра бастады. Мұндай карталар балаларға ата-аналарының бақылауымен қолма-қол ақшасыз шағын сатып алулар жасауға мүмкіндік береді.

Қоғам • 18 Шілде, 2023

Маңызды нысандар маусымға дайын ба?

Өңір аралап, елмен кездесіп жүрген Парламент депутаттары аймақтардағы маңызды нысандарды көріп, жұмыс істеу барысымен арнайы танысты. Өйткені жылу энергетикалық орталықтары мен сумен қамту нысандарының қысқа дайындығы мен маусымдық жұмыс кезіндегі мүлтіксіз қызмет көрсетуіне қатысты сын көп айтылады. Облыстардағы жағдаймен көзбе-көз танысқан депутаттар қордаланған мәселені тиісті министрліктер назарына жеткізіп, оң шешімін табуға ықпал етуге уәде берді.

Тарих • 17 Шілде, 2023

Атадан қалған аманат

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қ.К.Тоқаев: «Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», деген еді. «Жеріңнің аты – еліңнің хаты» дейді халық даналығы. Ендеше, «елдің хаты» – Президент атап көрсеткендей, мемлекеттік іс болуы қажет. Біз төменде еліміздің ең үлкен қаласы атауының мәнін елдік құндылықтармен байланыс­та қарап, жүйелі зерттеу жүргізген қайраткер, ғалым М.А.Құл-Мұхаммедтің топонимикалық пайымдауын ұсынамыз.

Тарих • 17 Шілде, 2023

Мінуге керек қазанат...

Қазақтың кең даласында қолға үйретіліп, адамзат қажетін өтеген жылқы түлігі – бабаларымыздың ең қадірлі және ең қасиетті жануары. Ат құлағында ойнаған байырғы көш­пелі халықты «аттылар әу­­леті» деп атағаны да тарихтан белгілі. Өйткені, кең байтақ өл­ке­нің тұр­ғындарының тыныс-тір­шілігі, өмір салты, әдет-ғұрпы, салт-са­насы, бір сөзбен айтқанда, бү­кіл мә­дениеті жылқы түлігімен ты­ғыз байланыста болған.

Үкімет • 17 Шілде, 2023

Өңірдің өзекті мәселесі

Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының аймақтардағы сапары жалғасуда. Өңір тұрғындары кездесуге келген назарына шешімі кезек күттірмейтін бірқатар жайтты жеткізді. Атап айтқанда, әлеуметтік қорғаудың әлеуеті, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер, ауыз сумен қамту, жайылымдық және егістік жер тапшылығы сияқты сұрақтар көтеріліп, жағдайдың оң шешімін табуына депутаттар тарапынан ықпал етуді сұрады.

Пікір • 16 Шілде, 2023

Жарнама тілі қазақшаланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңына қол қойды.

Пікір • 16 Шілде, 2023

Әкімшілік жауапкершілік енгізілді

«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң бойынша ішкі істер органдарына артылған өзіндік міндеттемелер бар.

Пікір • 16 Шілде, 2023

Салықтан жалтарғандарға шектеу қойылады

Интернеттің дамуына байланысты қоғамдық қатынас та кеңейе түсті. Әлеуметтік желілердің адам өміріне терең бойлағаны соншалық, олар бұқаралық ақпарат құралдарын ығыстырып, қоғамдық пікір қалыптастыруда негізгі рөлді атқарып отыр.