Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Қазақстанда 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 72,6% (373 мың), оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Биыл 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды
Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 млн 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% - ын құрайды). Алушылар құрамындағы көп балалы отбасылар шамамен 40% - ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 17 Қыркүйек, 2019
Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді
21 қыркүйек күні елордада Дүниежүзілік тазалық және Ағаш отырғызу күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Экономика • 17 Қыркүйек, 2019
Руслан Дәленов: Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 28-орында
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 17 Қыркүйек, 2019
Асқар Шәкіров БҰҰ Бас хатшысының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнаулы уәкілімен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров БҰҰ Бас хатшысының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнаулы уәкілі Жан Тодтпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2019
Ұлтымыздың шынайы тарихын жазу үшін үлкен теориялық-методологиялық дайындықпен қатар, бай тарихи деректер қоры болуы шарт. Алайда тарихи деректерге, құжаттарға қол жеткізу үлкен мәселе екендігі белгілі. Біздің Отан тарихына, әсіресе ерте және ортағасырлық тарихымызға қатысты көптеген деректер шетел мұрағаттары мен кітап қорларында сақтаулы. Қазіргі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді түгендеуге, оның көкжиегін кеңейтуге рухани болмысымызды бүтіндеуге бағытталған іргелі шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, Қазақ елінің ортағасырлық тарихы бойынша көп жазба деректер қытай, парсы, араб, шағатай тілдерінде жазылған. Бұл қолжазбалар негізінен Мысыр, Үндістан, Иран, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Қытай, Ресей елдерінде сақталған.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Әрбір Жолдаудың жариялануы – біздің қоғам үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды оқиға. Жолдауда мемлекеттің бірінші тұлғасы ел дамуының аса өзекті мәселелерін анықтайды, оларды шешудің нақты жолдары мен шараларын көрсетеді, стратегиялық бағдарлар мен қоғамның одан әрі үдемелі дамуының бағыттарын айқындайды.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Оразкүл Асанғазы: Тіл тұғыры биіктейді
Ел Президенті Қ.Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», деді.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2019
2019 жылы 9 маусымда өткізілген Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің Президенті болып сайланды. Бұл сайлау Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау өкілеттілігінің мерзімі аяқталудан бұрын болғанымен ерекшеленді.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Еліміздің білім саласындағы сарапшылары Жолдауға қатысты хат жолдады
Редакциямыздың хат-қоржынына еліміздің білім саласындағы сарапшыларының атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерге қолдау білдірген хат келіп түсті. Біз хат мәтінін толық ұсынғанды жөн көрдік.