Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21429 материал табылды

Руханият • 28 Қазан, 2019

Түменбасы тұғырында тұр

Талай танымал тұлғалар тоқтап өткен Қызылкөпір елді мекенінде жоңғарларға қарсы шешуші шайқастарда асқан ерлігімен ерекшеленген түменбасы Тілеуке батырдың 325 жылдығына орай ескерткіш ашылды.

Кино • 28 Қазан, 2019

Қазақ киносының төрт түйіні

Қазақ киносының пұшпағынан ұстап айырылмай жүргеніме де біраз жыл. Пұшпағынан айырылмаспын-ау, оны енді илеу керек емес пе? Илетпеді ғой... C.Параджанов деген қолтаңбасы ерек, тамаша режиссер өткен өмірден. Сол жарықтық өмірінің соңғы сәттерінде көзі жасаурап отырып айтқаны бар еді: «Менің «байлауда» өткен (ол кісінің фильмдері полкада жатып қала беретін), айдауда өткен (ол кісі түрлі жаламен бес жылға сотталған еді) он бес жылымды енді еш нәрсе толтыра алмайды» деп. Біз енді Параджановқа теңесе алмаспыз. Десе де он жылдай «Қазақфильмнің» есігінен сығалай алмай кеткен жылдар... Шіркін-ай... рахаттана жұмыс істейтін жылдар еді...Енді, сол, қолымыз бос болған соң, ойланамыз... «Қазақфильм» жөнінде. Қазақ киносының қазіргі қалып-сойы турасында. Сөз етпек негізгі дүниелерді “қазақ киносының төрт қасіреті” деп те атауға болар еді, бірақ биік пафос қашан да ұран күйінде қалады. Сол себепті, жалаулатпай-ақ қоялық. Жай ғана түйін болсын.

Әдебиет • 28 Қазан, 2019

Шекспир. Шындық пен шырғалаң

Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Жыр жаттаған жеңімпазға – 1 миллион теңге

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының дәстүрлі – «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өткізіліп келеді.

Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Андығожаның Ақшоқысы

Қызылжар өңірінде есімі ел аузында жиі аталса да, ерен ерлігі ескерусіз қалып келе жатқан тұлғалардың бірі – Андығожа Әлмәмбетұлы. Ол туралы құйма құлақ қариялар мен шежірелі қарттардың білері аз емес.

Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Б.Сапарбаев Қызылорда облысына барды

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

28 Қазан, 2019

Сабақтастықтан сонылыққа жетелеген

Мемлекет басшысының заманауи тиімді мемлекет қалыптастыру бағы­тындағы ой-тұжырымдары салқын­қан­дылығымен ерекшеленеді. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қалыптастыру жолын­дағы мақсаты, халықтың мұң-мұқтажы мен ой-пікіріне құлақ асатын, «халықтың» үніне құлақ асатын тұжырымдамасын өмірге енгізуді міндет етіп қоюы – алдағы уақыттағы жаңа Қазақстанның бейне­сін қалыптастыру бағытындағы нақты қадамдар деп ойлаймыз.

Қоғам • 28 Қазан, 2019

Халыққа деген қанатты қамқорлық

Қазақстан Республика­сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың халыққа Жолдауы – елдің алдында тұрған сұрақтарға жауап беретін нақты міндеттер. Ондағы жоспарлардың Қазақстан халқы үшін үл­кен мүмкіндіктер ашатынына қуаныштымыз. Бас­қаны қайдам, өз басым Президенттің алға қойған мақсаттарының табысты жү­зе­ге асатынына сенімдімін.

Медицина • 28 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда «STOP Туберкулез» акциясы қорытындыланды

Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өткен  «STOP туберкулез» атты айлық акциясы қорытындыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.