Елорда • 19 Қазан, 2023
Астана әуежайы ірі мультимодальді хабқа айналады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің «Terminals Holding» компаниясымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Үкімет • 18 Қазан, 2023
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында көшпелі отырыс өткізіп, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұжымымен кездесті.
Театр • 18 Қазан, 2023
Халқымызда «Өмір қысқа, өнер мәңгілік» дейтін қанатты сөз бар. Мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Қорқыт күйлері, алты ғасыр асса да, ешқашан ескіре қоймайтын Асан қайғы толғауы мен кешегі өткен Құрманғазы күйлері, Ақан, Біржандардың әсем әндері де елмен бірге мәңгі жасасып келеді емес пе? Өнердің мәңгілігі де осыдан екендігі аян. Ал театр туралы сөз қозғасақ, ол – әрине, ғажайып дүние. Драмалық әрекеттер арқылы өнер көріністерін көрерменнің көз алдына актерлер күшімен бейнелейтін сахналық киелі өнер деп білемін.
Егемен Қазақстан • 18 Қазан, 2023
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Елордада медиа саласының мамандарына арналған семинар өтті
5 түрлі бағытты қамтыған «Цифрлы дәуірдегі журналистика: әдістер мен инновациялар» атты семинар екі күн бойы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қазан, 2023
Халықаралық авиация мәселелері
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло мырзамен кездесті.
Үкімет • 18 Қазан, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірде Үкімет басшысы бірінші кезекте жаңа өнеркәсіптік парктің және заманауи көпбейінді аурухана құрылысының барысымен танысты.
Экономика • 18 Қазан, 2023
Зауыт тәжірибесімен кеңінен танысты
Жуырда Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспанов бастаған отандық делегация Германияның Харцвинкель қаласындағы CLAAS зауыты тәжірибесімен танысып қайтты.
Үкімет • 18 Қазан, 2023
Ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен кездесті.
Құрылыс • 18 Қазан, 2023
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриялық парк салу жобасы аясында «Қытай-Қазақстан халықаралық индустриялық қаласы» ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісті. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың алғашқы кезеңін қолға алмақ. Оның ішінде инженерлік желілер жүргізу мен магистралдық көшенің құрылыстары бар.