Қоғам • 31 Қазан, 2019
Күз түсісімен-ақ исі қазақ қыстық соғымын қамдай бастайды. Жағдайы жеткендер ту бие немесе ақта атты құнарлы азықпен жемдеп, қарашадан қалдырмай жығады. Ал құмды өлкедегілер түйенің етін хош көреді. Сары майдай сақталған өркеш жел-құзға ем, құнарлы азық. Енді бұған шамасы келмегендер өгіз немесе тайынша таңдамақ. Екі-үш семіз қойды үйітіп алатындар да бар. Қойдың үйітілген еті дәмді де құнарлы.
Экология • 31 Қазан, 2019
Құралайымыздан көз жазып қалмайық
Өткен ғасырдың соңғы жылдарында Қаратаудың беткейінде сағымға айналған ақбөкендер жортып жүретін. Қазір олар көзден ғайып болған. Шынымен сағымға айналып барады.
100 • 31 Қазан, 2019
ХХ ғасырдың 20-жылдары ел басына түскен аса ауыр нәубетті және оған қарсы тұрған тұлғаларды еске алсақ, алғашқылардың бірі болып ойымызға жас, батыл, жігерлі, елшіл, сұңғыла қайраткер Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) оралады.Тіпті осы азаматты аталған кезеңдегі ұлттың намысы, ар-ұжданы десек те қателеспейміз. Ол жастай қабілетті қаламгер, шебер жазушы, сындарлы сыншы ретінде қалыптасты. Еш жерде филологиялық, гуманитарлық жоғары білім алмай, әдебиет пен мәдениет, әлеуметтану мен елтану заңдылықтарын жіті зерделегеніне қайран қаласыз. Сірә, адамға көп нәрсе тек-тамырдан берілсе керек.
Қоғам • 31 Қазан, 2019
Жат ағымдардың жетегіне ілесіп, адастырар уағыздардың айтағына бас изеп, ақырында қақтығыс алаңына айналған Сирияға тап болған қандастарымызды елге қайтару ісінде мемлекетіміз тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілгені белгілі. Бұған «Жусан» операциясы дәлел бола алады. Осы орайда, яғни жат жерде басы шырмауға түскен жандарға қол ұшын беруде еліміздің шет мемлекеттердегі дипломатиялық қызметкерлерінің де атқарып жатқан істері мол. Бүгін біз сондай жағдайлардың біріне қатысты мақаланы назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Редакция
Қазақстан • 31 Қазан, 2019
«Болашағы жоқ ауылдар» деген қасаң көзқарастан арылатын мезгіл жетті
Еліміздің алдағы стратегиялық мақсат-міндеттерін жан-жақты тұжырымдап берген Жолдаудың ерекше тұстары маған үлкен ой салды. Оның ішінен шағын ауылдарды дамытуға қатысты өте күрделі проблемалардың күн тәртібіне өткір, ашық қойылуын бөле-жара айтар едім. Осыған орай әзірленген өңірлік стандарттарға үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендердің енгізілгені, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңгенің бөлінгені қуантады. Бұл қаражатқа көлік, ауыз су, газбен қамтамасыз ету секілді бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, тұрмыстық, мәдени, спорттық нысандар бой көтеретін болады.
Аймақтар • 31 Қазан, 2019
«Қызғанбаңдар, ақындар, Мақтауға оны қақым бар. Мен туған жер кішкене, Торғай деген аты бар» деп Сырбай ақын жырлаған қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан қарт Торғайдың сырын ашу қай азаматтың болсын арманы.
Қазақстан • 30 Қазан, 2019
Бішкекте екі ел Сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев деңгейінде және тараптардың жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қазақстандық-қырғыз Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 30 Қазан, 2019
Сенат журналистерге арналған байқау жариялады
Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы биылғы жылғы 1 қарашада Сенат материалдары бойынша ең үздік журналистік зерттеу бойынша және экология тақырыбындағы журналистік байқаудың басталатыны туралы хабарлады.
Президент • 30 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Корея Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 30 Қазан, 2019
Сенатта кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.