Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Жамбыл облысында 9,6 мыңнан астам отбасы заңсыз тағайындалған АӘК төлемдерін қайтаруға тиіс

Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 14,5 млрд теңге көлемінде 35 мың 497 отбасына төленді. АӘК тағайындау кезінде 9 мың 632 отбасы өздерінің нақты табысын дұрыс көрсетпеді. Енді олар қазынаға 133,5 млн теңге қайтаруы тиіс. Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 16 Қазан, 2019

Елордадағы жәрмеңкелерді Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды

19-20 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласындағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 16 Қазан, 2019

Жыл соңына дейін 600-ден астам салымшы пәтер алады

Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арнайы салынып жатқан тұрғын үй кешеніне барды. Салымшылардың бір бөлігі-тұрғын үйге кезекте тұр. ТК бірнеше блоктан тұрады, пәтерлердің жалпы саны - 653. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 16 Қазан, 2019

Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.

Руханият • 16 Қазан, 2019

Тағылымды тұлға

Жуырда белгілі қоғам қайраткері, ел алғысын арқалаған азамат Кеңес Әубәкір ағамыз сексен бес жасқа толды. Ағаны танығаныма қырық жылға жуық уақыттың жүзі ауыпты. Сағымдай бұлдырап қалған жылдар санамда естелік болып өріледі. 1982 жылы Торғай облыстық ауылшаруашылық басқармасының нұсқауымен Октябрь ауданындағы «Заря Коммунизм» кеңшарына бас экономист болып орналастым. Ел адамдарымен жақын араласып, туыстай сыйласып кеттім. Сонда басшылық қызметте жүрген азаматтар бұрын осы жерде еңбек еткен Кеңес Аманұлы туралы үнемі айтып отыратын. Жергілікті жұрт та қамқорлығы мен іскерлігін аузынан тастамайды.

Руханият • 16 Қазан, 2019

Ғылым қанатындағы ғұмыр

«Тіліңіз тәтті, ойыңыз қандай! Тыңдадым, ұқтым жан күйіңізді. Болар ем күнде бір жасарғандай, Көп туса қазақ дәл сіз­дей қызды!...» Бұл жол­дар 1946 жы­лы за­ма­нымыздың көр­некті ақы­ны Қасым Аман­жо­ловтың Ұлттық ғы­лым академиясының ака­демигі Рәбиға Ғали­қызы Сыздықоваға ар­наған әнінен алынған. Рәбиға Ғалиқызы қазақ филологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аңыз тұлға. Оның тіл бі­лімі саласына қосқан үле­сі телегей теңіз.

Руханият • 16 Қазан, 2019

Жеті өнер қонған жампозым

Егер құдіреті күшті құдай тал бойы талантпен өрілген ерекше жандарды – ақын-жырауларды жаратпаса, жарық дүние қараңғылық құшағында қалар еді. Адамзат ақыл-ойы туғызған небір ғажайып ішіндегі уақыт сынына төтеп беріп, адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне, ең бір құдіретті өнер – сөз өнері. Қасиетті кітаптарда да ең алдымен сөз болған деп тегін айтылмаған. Дүниені билейтін – сөз, сөзді билейтін – ақын!

Руханият • 16 Қазан, 2019

Тағдыры таңдалған патшайым

Руханият • 16 Қазан, 2019

Нағыз қазақ

Қабағынан қар жауып, қаһарынан жұрт сескенген кеңестік қызыл империя дәуірінде күллі жазушылардың арасынан үш-ақ адам ғана өз аты-жөндерін қазақша жазатын. Олар – Алаштың асыл азаматтары Бауыржан Момышұлы, Балғабек Қыдырбекұлы, Шона Смаханұлы еді. Жан дүниелері, мақсат-мүдделері, іс-әрекеттері мен мінездеріне дейін ешкімге ұқсамайтын. «Нағыз қазақтар» сапынан саналатын кесек тұлғалар ғой... Ардагер қаламгердің әңгімесінен

Қоғам • 16 Қазан, 2019

Реформалар оза шабуды көтермейді

Уәдеде тұра білу – адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Орындалмай, аяқсыз қалған уәде кез келген жанның азаматтық болмысына көлеңке түсіреді. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел мен халыққа берген уәдесіне үлкен жауапкершілікпен қарай білетінін байқап келеміз.