Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Руханият • 30 Тамыз, 2019

Тас тұғырдағы тұлғалар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан – Бурабай аралығындағы күре жолдың екі жақ қапталына Ұлы даланың ұлы тұлғаларының бірегейлері Кенесары хан, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай мен Ақан сері ескерткіштері қойылды.Бұл тұлғалардың әрқайсысы халқымыздың жүрегіне жазылған тарих дер едік!

Қоғам • 30 Тамыз, 2019

Азаттықтың алтын арқауы

Ата-бабаларымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», өскелең ұрпаққа бірлікті, жұдырықтай жұмылуды өсиет еткен. Дана қазақ: «Ырыс, қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деп қадап айтуы бекер емес. Ал хакім Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген нақыл сөзі келешекке қалдырған аманаты іспеттес.

Қоғам • 30 Тамыз, 2019

Конституциямыздың орасан зор жасампаз әлеуетінің айғағы - Ж.Түймебаев

Конституция күні қарсаңында қазақстандықтар Негізгі Заңның өлшеусіз және тұрақты әлеуетін ерекше бағамдайтыны белгілі. Оның үстіне, қазіргі сәтте жалпы қоғам жаңа Президенттің өзіне берілген сенім мандатына жауап ретінде ұсынған келешек жоспарлар мен даму бағытын жіті қадағалап, мемлекет көмегіне үлкен үміт артуда. Конституция күнінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын жасайды деген жаңалық та халықтың назарын ерекше аударып отыр.

Қоғам • 30 Тамыз, 2019

ІІМ батылдығы үлгі қызметкерлерді марапаттады

Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ведомство басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қатысқан шарада Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев биыл ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша жоспарланған бірқатар маңызды іс-шара іске асырыла бастағанын атап өтті.

Қазақстан • 30 Тамыз, 2019

Негізгі Заң һәм адамның ар-ожданы

30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы.

Қазақстан • 30 Тамыз, 2019

Ел бірлігінің мызғымас темірқазығы

Бүгін Ұлы дала елі, барша қазақ­стан­дықтар ұлық мереке – еліміз үшін аса маңызды Конституция күнін кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтуде. Осынау мән-маңызы жоғары жалпыхалықтық мейрамда еліміз­дің татулығы мен ынтымағын, тұрақ­тылығы пен орнықты дамуын қам­тамасыз ету ісінде ерекше мәнге ие Негізгі Заңымыздың барлық ізгі­лікті қағидалары жарқырай көрініп қана қоймай, оның халық билігін орнық­тыру, демократиялық құндылықтарға басымдық беру бағытындағы мазмұны айқындала түседі.

Президент • 30 Тамыз, 2019

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы тапсырылды

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Осы атаулы күннің қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Президент • 29 Тамыз, 2019

Президент Лассина Зербоны қабылдады

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы арасындағы өзара ықпалдастықты, соның ішінде жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын одан әрі ілгерілету мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.