![Egemen Qazaqstan](/user_photo/1483952278_user.png?width=300&height=300)
Парламент • 02 Қыркүйек, 2019
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Елордада Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2019
Анкарада «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 02 Қыркүйек, 2019
Президент Жолдауында халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.
Президент • 02 Қыркүйек, 2019
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында үш апта бұрын жазған еді.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019
Әлем чемпионатының медалі таныстырылды
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша 2019 жылғы әлем чемпионатының ұйымдастырушылары жаһандық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін медальдардың дизайнын таныстырды.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2019
Шартты ратификациялау құжаты БҰҰ-ға тапсырылды
Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялағаны жөнінде ресми құжатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына тапсырды. Құжатты тапсыру рәсімі БҰҰ қоғамдастығында оныншы рет аталып отырған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орайластырылды, деп хабарлады еліміздің СІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019
Президент кубогы сарапқа салынды
Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтті.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2019
Бәрі есімде. Біз бір қиырдағы «Қоғалы» атты ауылда тұрдық. Ес білер ағалар соғысқа аттанып кеткен. Колхоздың бар жұмысын шал-кемпір атқарды. Ауыл балалары болып ойнауды білмедік. Бұғанамыз қатпай бидайдың масағын тердік, тарыны торғайдан қорыдық. Тойып тамақ ішпедік.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019
«Самұрық-Қазына»: мектептер есігін айқара ашты
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Арыс қаласының 16 орта мектебін 100%-ға қалпына келтірді. Салтанатты алғашқы қоңырау жиыны қаланың барлық мектептерінде жоспар бойынша 1 қыркүйек күні өтті. 10 мыңнан астам оқушы күрделі жөндеуден кейін жаңартылған мектептерде оқу жылын бастап кетті.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019
Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашанда айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты. Тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.