Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24392 материал табылды

Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019

АХАТ саласындағы заңнамалық жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан көтеріліп, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем­л­е­кет­тік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­ты­рулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қо­йылды.

Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019

Жасыл даму – ғылыми-техникалық кеңесті күшейтпек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қыркүйек айында БҰҰ климаттық сам­ми­тінде сөйлеген сө­зін­де қоршаған орта жағ­да­йы­ның құлдырауы әлемді тұ­рақ­­сыздандыратын фак­тор­­лардың бірі екенін айтып өтті. Табиғатқа техногенді түрде әсер ету мен Орталық Азия­дағы климаттың өзгеруі аса күрделі экзистенциалдық тұр­ғыдағы проблемаларға, атап айтқанда шөлейттену, мұз­дық­тардың еруі және суармалы су мен ауыз су ресурстарының сарқылуына әкеліп соқпақ.

Қаржы • 19 Желтоқсан, 2019

«Қоспасыз таза гауһар»

BRIF компаниясының жуырдағы зерттеуі қазақстандықтардың қаржы институттарын бағалайтын басты критерийлері сенімділік екенін, яғни оның ұзақ уақыттық тарихы мен тексерілген беделі, ашықтығы, сондай-ақ клиентке бағдарланғандығы екенін көрсетті. Шын мәнінде, бұл бір кристалдың әртүрлі қыры іспеттес – ол арқылы кез келген банктің перспективалары, уақыт талабы мен клиенттердің жаңа буынының сұраныстарын қанағаттандыру қабілеті айқын көрінеді.

Тағайындау • 18 Желтоқсан, 2019

Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен  Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 18 Желтоқсан, 2019

Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен «Азия-Еуропа» Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019

Елордада 600-ден астам қараусыз қалған электр, сумен қамту, жылыту, кәріз желілері бар

Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған объектілер мен желілер анықталды. 126 км – электр, 7,5 км-сумен жабдықтау, 14 км – кәріз желілері. Сондай-ақ 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019

Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 28 жылында 870-тен астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Облыста Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді десек, осы уақыт аралығында өңірде 871 әлеуметтік нысан салынған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 18 Желтоқсан, 2019

Тунисте Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына дайындық жайы талқыланды

Тунисте ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ISESCO) бас директоры доктор Салим бен Мухаммед аль-Маликпен кездесу өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019

Әскери мамандықтың үздік өкілдері марапатталды

Бірінші рет өткізілген «Әскер тарланы» сайысының жеңімпаздарын Ұлттық әскери-патриоттық орталығында  марапаттады. Байқау оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік әскери қызметшілерін анықтауға бағытталып, Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Яндекс.Метрика