Қоғам • 17 Шілде, 2019
«KAZBRANDS» ҚҚ Қазақстандағы тәлімгерлік институтын дамытудың маңыздылығы туралы жобалық бағдарламаны ұсынған. Осыған орай еліміздің бірнеше өңірінен келген ең белсенді 80 жас көшбасшы мен тәлімгер Нұр-Сұлтанда бас қосты.
Руханият • 17 Шілде, 2019
Халқымыздың көне дәстүрі мен қолөнерін дәріптеп жүрген Шатарбай әулеті киіз бен былғарыдан түрлі бұйымдар дайындайды. Әсіресе, Дәуей ақсақалдың қолынан шыққан ағаш бұйымдар үлкен сұранысқа ие.
Экономика • 17 Шілде, 2019
Щучье қаласында америкалық технология бойынша сиырдың мәрмәр етін өндіретін кешен іске қосылды. Ет өңдеуші кәсіпорын қайта құрылғалы бері өндірілетін өнім көлемі жылына 2 мың тоннадан 6 мыңға дейін ұлғайтылды.
Руханият • 17 Шілде, 2019
Бұл мәселеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде алғаш рет назар аударылып, баға берілді. Мұнда байырғы Қазақ атамекені тұрғындарының өмір тіршілігі көп салалы және өнегелі болғаны өте орынды сипатталған. Елбасының аталмыш бағдарламасында: «Қазақстан – түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» . Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне таралған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үрдістеріне елеулі үлес қосты», – деп жазды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2019
Әуе кеңістігінің транзиттік мүмкіндігі зор
Бас шаһарда «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, сондай-ақ Орталық Азия елдері үшін әуе маршруттарын дамытуға арналған бірегей алаң. Дүниежүзілік құрылтайдың шеңберінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, азаматтық авиацияның келешегі қаузалды.
Экономика • 17 Шілде, 2019
«Қарапайым заттар экономикасы» қалай дамып жатыр?
«Теңге тиыннан құралады» демекші, бизнесте шағын мекемеден ірі компанияға айналған ұйымдар жетерлік. Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, әйгілі полковник Сандерс (Харланд Дэвид Сандерс) кішігірім дәмхананы он жылдың көлемінде дүйім Құрама Штатқа танымал мейрамханаға айналдыра білді. Бүгінде аталған жедел тағам мейрамханасының шартараптағы желілерінен өзің шатасасың. Тізбектей берсек мұндай мысалдар жетерлік. Ал біздегі шағын бизнес конъюнктурасының деңгейі қандай? Отандық кәсіпкер қызмет көрсету ландшафтының ауқымын кеңейтуге қаншалықты мүдделі? Қазақстан «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін толық пайдаланып жүр ме?
Экономика • 17 Шілде, 2019
Квазимемлекеттік сектордағы керенаулық
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына ұшыраған мәселелердің бірі квазимемлекеттік секторға қатысты. Президент бюджеттен ақша алып отырып, шығынға батып жүрген компанияларды анықтауды тапсырды.
Әлем • 16 Шілде, 2019
Адамзаттың Айға аяқ басқанына - 50 жыл (фоторепортаж)
1969 жылы АҚШ-тың «Аполлон-11» ғарыш кемесі айға алғаш рет ұшырылды. Вашингтондағы Ұлттық өнер галереясы осынау жарты ғасырлық тарихы бар оқиғаға орай көрме ұйымдастырды.
Экономика • 16 Шілде, 2019
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі - 210,4 млрд теңге, өсімпұл - 122,9 млрд теңге, айыппұл - 7,4 млрд теңге мөлшерінде қарызы бар әлеуетті қатысушы – бұл 90 077 салық төлеуші.
Президент • 16 Шілде, 2019
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.