Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Қоғам • 01 Шілде, 2019

Ел мен жердің тұтастығын қорғадық

Ерте заманда Көктүріктің тәңірқұты Мөде халқын бақытты тұрмысқа жеткізіпті деседі. Жері шүйгін, мыңғырған малы көкжазира майсада жайылып жүреді екен. Халық шат. Күндердің күнінде көрші елдің елшілері келіп, Мөденің арғымағын сұратыпты. Сұратқаны жай жылқы емес, күніне мыңға жуық шақырым шапса да шаршауды білмейтін тұлпар екен. Мөде айналасындағы би, уәзірлерінің қарсылығына қарамай, арғымақты өз қолымен беріпті. Арада біршама уақыт өте келе, көрші елдің билеушісі Мөденің ай десе аузы, күн десе көзі бар жарын өзіне тоқалдыққа сұратыпты. «Мұнан өткен қорлық болмас» деген айналасындағылардың сөзін бұл жолы да елемей, әйелін өз қолымен ұзатып салыпты.

Қоғам • 01 Шілде, 2019

Берекеттің боямасыз әлемі

Әлемде өмірге құлшындыратын шешен, меценат, жазушы және әнші, аустралиялық Ник Вуйчичті танымайтын адам жоқ шығар. Шешен­дік, жазушылық, әншілік, тіпті атымтай жомарт байлар да еш­кімге таңсық емес қой, бірақ бұл қол-аяғы жоқ кескен томардай адамның адамзатқа үлгі болар ерік-жігері миллиондарды мойын­датады.

Қазақстан • 01 Шілде, 2019

Жас келсе, іске...

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтқан 10 бастаманың ішінде әсіресе жастар мәселесіне ерекше ден қойған болатын. Президент: «Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы іске қосылды. Жастардың бизнес-бас­тамаларын ынталандыру үшін «Жас кәсіпкер» дамыту бағдар­ламасын жүзеге асырудамыз. Менің міндетім – сіздердің үлкен армандарыңыз орындалу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, «табыс сырына» жетуге жол ашу», деді. Бұл Мемлекет басшысының бойында қабілеті бар прогресшіл ұрпаққа айрықша сенім артып отырғанын көрсетсе керек.

Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Ел тілегі – Арыстың ертеңі

Апат айтып келмейді... Арыс­тағы көкөніс егіп, мал бақ­қан момын шаруа, тірші­лігі темір жолға тікелей байланыс­ты жұмысшылар, ұл-қызы­ның бірыңғай ұлттық тесті­леуден қалай өтетініне ғана алаңдап жүрген ата-ана­лар – ешқайсысы ертеңгі таң­да бү­кіл қала өмірін күрт өз­гер­тетін апат болатынын білген жоқ...

Аймақтар • 30 Маусым, 2019

Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр

Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңында орналасқан саябақта қала билігімен рұқсат етілген бейбіт митинг өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Саясат • 30 Маусым, 2019

«Жусан» операциясы БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді қызықтырды

«Жусан» операциясы туралы деректі фильм және Сириядан оралған қазақстандық әйелдердің бірінің бейне-үндеуі БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көшпелі отырысына қатысушылардың нақты қызығушылық туғызды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 30 Маусым, 2019

Нұрзат Сабыров мажарстандық боксшыны нокаутқа түсірді

Тетфор Минде (Канада) Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (9-0, 8 КО) өнер көрсетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Спорт • 30 Маусым, 2019

Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіби мансабында тоғызыншы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Қазақстан • 30 Маусым, 2019

Елордада «Biz birgemiz!» ұранымен бейбіт митинг өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жерұйық» паркінде «Biz birgemiz!» деген ұранмен бейбіт митинг өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Аймақтар • 30 Маусым, 2019

Нұрлан Ноғаев: Еңбек шарты барлығына бірдей болуы керек

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Теңіз вахталық қалашығына барып, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылығымен жиналыс өткізді және Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) фирмасының жұмысшыларымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі xабарлады.