Өнер • 08 Маусым, 2023
Биыл Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылының «Аққайың» вокалды-аспапты ансамблінің құрылғанына жарты ғасырдың жүзі болды. Өнер көгінде жасындай жарқ етіп, ұзақ жылдар бойы ұлт рухын асқақтатқан ұжым құрамы бүгінде жас буынмен қайта жаңғырды.
Қоғам • 08 Маусым, 2023
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев суға батқан баланы құтқарып қалған Ақтөбе қаласындағы №13 мектептің оқушысы Қолқанат Баққұлды марапаттады.
Қазақстан • 08 Маусым, 2023
Мәжілісмендер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да
Бүгін Теміртауда Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының және облыстың аумақтық департаменттері мен басқармаларының басшылары қатысты.
Саясат • 08 Маусым, 2023
Достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас
Еуразия ұлттық университетінде Оңтүстік Африка мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толуына орай ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инновация • 08 Маусым, 2023
Vision Pro: толықтырылған шындық әлеміне революциялық қадам
5 маусымда Apple әлемді жаңа революциялық өніммен - Vision Pro толықтырылған шындық гарнитурасымен таңғалдырды. WWDC 2023 конференциясында ұсынылған бұл бірегей гарнитура виртуалды әлемде пайдаланушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 07 Маусым, 2023
Қоғам • 07 Маусым, 2023
Тіл үйренудің тиімді тәсілдері
«Тіл үйрену үшін қажеттілік, не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылықтың болуы маңызды», дейді Рим философы А.Августин. Шет тілдерін үйрену қызықты үрдіс болғанымен, кейде жалықтырып жіберетіні рас. Тіпті мұны жол ортадан тастап кететіндер де кездеседі. Ал қоғамның бір бөлігі шет тілін үйренуге алғашқы қадамдарын мүлде жасап көрмеген де екен. Олар тіл үйренуге қабілетіміз жоқ деп ақталады.
Таным • 06 Маусым, 2023
Кітап оқуға қатысты топ-5 кеңес
Кітап оқу – ми жаттығуы. Кітаппен достасқан адам ақылы толысып, парасатты бола түседі. Әрі өз ойын нақты, ашық айта алатын болады. Кітапты көп оқу ойлау жүйеміздің жақсаруына, қиялымыздың дамуына, сонымен қоса сөздік қорымыздың артуына өзіндік ықпал етеді.
Мәдениет • 05 Маусым, 2023
Каирдегі Байбарыс сұлтан мешіті қайта жаңғырып, даңқты билеушінің 800 жылдығына орай салтанатты түрде қайта ашылғанынан көпшілік хабардар. Шындығында, бұл елдігімізді айғақтайтын айтулы іс-шара болды. Алайда көпшілік Каирдегі Байбарыс мешітінің қалай салынғанын, неге салынғанын біле бермеуі мүмкін. Сондықтан тарихтан тамыр тартып, осынау танымдық тақырыпқа тағы бір оралғанды жөн көрдік. Байбарыс (Осы атау түпнұсқасына жақын) сұлтандық құрып дүркіреп тұрғанда 1265 жылы өз атынан Каирде мешiт соғуға ниеттенеді. Ол Ақтай мен Фахруддин деген бектерге мешіт салуға лайықты орын табуға жарлық бередi. Бектер инженерлермен бірлесіп, түйе қоралары орналасқан жердi таңдайды. Байбарыс оларға: «Түйе тұрған жерге мешiт салмаймын», деп мешiт салатын жердi өзi іздейді. Ақырында сұлтан мешітті Қарақұш майданына салуға, бiр бөлiгiн оны ұстап тұруға қажеттi табыс көзi болатын уақыпқа беруге және мешiт құрылысына қажеттi гранит, ағаш, тағы басқа заттарды әкелуге бұйрық бередi.
Қоғам • 05 Маусым, 2023
Той қызығы таусылмасын десек...
Бар тапқанын бала-шағасының қуанышына еш ойланбастан шаша салатын қазақтың той шығыны жылдан-жылға өсіп барады. Мұны бірсыпыра той өткізу агенттіктері де растап отыр.