Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19539 материал табылды

Қоғам • 22 Қаңтар, 2023

Ұлттың қасиеті – ана құрсағында

Жиен сіңілім босанып, оны шығарып алуға перзентханаға бардық. Құжаттарын дайындап жиналып шыққанша сыртта күтіп тұрдық та, сол жерде шақа­лақтарын қарсы алушы­ларға «Бауы берік болсын!» десіп қуанышқа ортақтастық.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2023

Домбайды қашанғы «құлан» дейміз?

«Egemen Qazaqstan» газетінің жуырдағы бір санында (20 желтоқсан, 2022 жыл) Нұрқанат Құлабай інімнің «Құба жонда құлан жортар күн қайда?» атты мақаласын оқыған соң, қолыма қалам алдым. Себебі елін, оның табиғатын, өлі-тірі бар жаратылысымен сүйе білген әр азаматтың көкейіне қонақтаған бір арманын еске түсіріпті. Оқушы кезімізде әлдебіреу тракторымен Кендірліктің суы тасып, арыны басылған кезде жойдасыз үлкен бір сүйекті мектеп ауласына (Шығыстағы Зайсан қаласы) сүйреп әкелгенде, білетіндер оны «Мамонт деген хайуанның қабырғасы екен» десті. Сол жылдары газеттердің бірі Зайсан көлінің жағасынан қылыш тісті жолбарыстың тісі табылғанын жазып еді. Сонда ғой, балаң арманшыл көңілдің «Шіркін, ғылым соларды қайта тірілте алса ғой», деп қиялдағаным.

Тарих • 22 Қаңтар, 2023

Қонаев тағылымы

Белгілі жазушы, қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың «Таңғажайып Қонаев» атты роман-эссесі алғаш 2008 жылы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген еді. Бұдан кейін қалың оқырман сұранысы ескеріліп, 2012, 2013 жылдары екі дүркін жарияланып, әйгілі қайраткер ғұмырбаянына қызыққан қауымды қуантқаны да есімізде. Өкініштісі, таралымы өте аз болды.

Сұхбат • 22 Қаңтар, 2023

Әділ Ахметов: «Өзімді шыңдауға әрқашан баса мән беремін»

Жақында белгілі актер Әділ Ералыұлы Ахметовпен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол 2020 жылдан бері Астана қаласындағы «Жастар» театрында директор қызметін атқарып келеді. Ә.Ахметов жастайынан өнерге құштар болып, өнімді еңбегінің нәтижесінде, жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Оның Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болуы, сондай-ақ бірнеше атаулы марапатты иеленуі осы сөзіміздің айқын дәлелі. Бастысы, оның басқаруындағы театрдың өзі де республикалық және халықаралық өнер шығармашылығында топ жарып, жүлделі орындарды иеленген.

Тарих • 22 Қаңтар, 2023

«Сұңқар» бригадасына барғанда...

Өткен ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанда қой шаруашылығын өркендетуге жастарды тарту мақсатымен әртүрлі ауқымды іс-шара жүзеге асырылғаны белгілі. Олардың бірі ретінде сол кездегі Семей облысы, Шұбартау ауданында алғаш қолға алынған комсомол-жастардың шопандар бригадаларын айтуға болар еді.

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Әлібек Қуантыров Түркі инвестициялық қорының президентімен кездесті

Әлібек Қуантыров Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 20 Қаңтар, 2023

Шоң

Ақтарылған аңдатпа «Ақбас Алатауды дүбірлете шыққан Шыңғыс шығармалары әлемді елең еткізді. Асқақ ән аспанға атылып, тәтті жыр жер бетін ұйыта қалды. Мөлдір махаббат, ақтілек ана, қиыспас достық, тәтті татулық, терең толғау – бәрі-бәрі орын тапқан оның туындысынан. Қай дастанын оқи бастасаң да жылылық құшағына кіресің. Қызыға бересің, оқи түсесің, аяғына бір-ақ шыққаныңды өзің де білмей қаласың. Өмірге үңіліп, тұңғиық түбінен маржан іле білген, жетеліге аталы сөз жеткізген зергердің құдіреті осылай болмақ! Шыңғыс толғауын бұл күнде – шұғылалы Шығыс та, менмен Батыс та оқиды. Зар-зәбір естіген ащыға аһ ұрып күрсінсе, арманға жеткен адамдар қуана түседі. Осылай отырған оқушы Айтма­товтың жақсылардың жақсы­сы, жүректілердің жүректісі екенін сезінеді. Авторға мың сан алғысын жол­дайды. Міне құрмет, міне бақыт! Ал қазақ оқырманы, кезек са­ған да тиді. Мынау сол асыл дүние. Ал да оқы! Қызыққа бат! Өс. Өрле. Қанаттан. Өзгелерге де айт, құр қалмасын. Асықсын, сусындасын. Бұл сенің бауырыңның – телқо­зының асыл шығармасы. Оған Әуезов өзінің аталы сөзін арнаған, әлемге паш еткен. Өнерлі перзент деп масаттана мақтанған. Оның шы­ғар­масы сол ұлы Әуезовтің шығар­маларымен қатар әр қазақ оқыр­манының төрінде тұруға лайық».

Реформа • 19 Қаңтар, 2023

Бұл реформаның жөні бөлек

Кез келген қоғамда демократиялық өзгерістерді бір сәтте немесе бір күнде жүзеге асыру мүмкін емес. Демократияны жарлықпен енгізе де алмайсың, әр халықтың сол мақсатқа жету үшін өзінің жүріп өтетін соқпағы, соқтықпалы жолы болады.

Қоғам • 19 Қаңтар, 2023

Ұрпағымызды кім тәрбиелеп жүр?

Бүгін, міне, Тәуелсіздік алған жылы туған перзенттер отыздан асты. Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы жастардың бәрі – тәуелсіздік төлдері. Жұмысқа жаңа орналасып жатқан алғашқы дипломды лек те солар. Тәуелсіздік кезеңдегі туған жастар қандай? Олар алғыр, өжет, жалтақтау дегенді білмейді. Ойларын бүкпесіз ашық айтады.

Экология • 19 Қаңтар, 2023

Картада жоқ арал (жалғасы)

Бұрын болған, қазір тек төрт әріптен тұратын аббревиатураға ие жер туралы сөз.