Әйел әлемі • 27 Желтоқсан, 2023
Жүйелі гендерлік саясат – бейбітшілікке, өркендеуге, тұрақты дамуға негізгі қадам. Сондықтан оны іске асыру еліміздегі өзекті бағыттардың біріне айналып отыр.
Сараптама • 27 Желтоқсан, 2023
Дүниежүзілік банк 2023 жылдың қараша айында «Орта сауда-көлік дәлізі. 2030 жылға қарай жүк тасымалын үш есе арттыру және жол жүру уақытын екі есе қысқартуға қажетті стратегиялық шешімдер мен инвестиция» атты зерттеу нәтижесін жариялады. Материалда орнықты инвестиция мен саяси шешімнің арқасында Қытай мен Еуропа нарығын Орталық Азия, Кавказ арқылы байланыстыратын Орта дәліздің бойындағы сауда көлемін алдағы онжылдықта үш есе арттыру мүмкіндігі қарастырылған.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұланның авиатехника паркі жаңа ұшақпен толықты
Кеше Астана қаласының әуеайлағында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы үшін екінші Y8F200WА көп мақсатты орта көлік ұшағын жеткізу бойынша салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 26 Желтоқсан, 2023
«Ауыл аманатын» жүзеге асыру жоспарлары
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру қорытындылары және келер жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Сенат • 26 Желтоқсан, 2023
Сенат бюросында депутаттар 26 және 28 желтоқсан күндері өтетін Палата отырыстарының күн тәртібін бекітті.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Кооперациядан ұтарымыз көп пе?
Осыдан 7 жыл бұрын, дұрысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң қолданысқа енді. Ондағы мақсат – ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, заңды міндеттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының құқықтық жағдайын, олардың құрылу қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындау.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2023
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері туралы құжат жобасын талқылады.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2023
Алаш ренессансын тудырған алыптар тобының алдаспаны – Халел Досмұхамедұлының елдік қасиеттерден суарылған қазыналы мұрасынан алар тағылым толастамақ емес. «Шын азаттықты білім береді» («Мәшиненің күші»), «Мәдениеттің негізі – білім» («Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы»), екенін қадап көрсеткен энциклопедист тұлғаның нақыл сөздері халқымыздың отаршылдықтан арылудағы қилы тағдырын, ояну дәуіріндегі әлеуметтік сілкінісін, мемлекеттілігін қайта жаңғыртуымен сабақтас ғылым өріндегі серпілісін, мәдениет биігіндегі өрлеу өрісін танытады.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Арқа төсінде ерен еңбегімен, адамдық келбетімен, саналы ұрпағымен ізі қалған жандардың бірі – Сайлау (Енжіл) Сәбитұлы. Ол зиялыларды баудай түсірген 1937 жылы Бұланты өзенінің бойындағы Ақжал қыстағында дүниеге келген. Ал орта білімді Қарсақбай кентіндегі мектептен алған. Одан кейін білімін жетілдіріп, бір мамандықтың иесі атануға бел буған кейіпкеріміздің таңдауы сол уақытта қазақ ортасы зәру болған дәрігерлікке түседі.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда алғаш рет: Электронды аукциондардан рекордтық 2,5 млрд теңге
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді кеңейтумен белсенді айналысады. Мақсат - 2026 жылға қарай зерттеу аймағын ағымдағы 1,5 миллионнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін арттыру. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.