Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19539 материал табылды

Саясат • 01 Қаңтар, 2023

Конституциялық бақылау: Сабақтастық және даму

Президент Қ.К.Тоқаев мемлекет тізгінін ұстаған күннен бастап, биліктің тиімділігін арттыру үшін «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» құруды мақсат қылды. Ол мақсатқа жету жолында үлкен реформа, сая­си жаңғыру керек болды. Осы тұрғыдан қарағанда биылғы 20 қарашада өткен президент сайлауы тәуелсіз Қазақстанның тарихында ең елеулі оқиғаның бірі болып қалатыны даусыз. Қ.К.Тоқаевтың осы сайлаудағы жеңісі халық пен билік арасындағы жасалған саяси келісім деп айтуға әбден болады.

Үкімет • 30 Желтоқсан, 2022

Іс-қимыл жоспары талқыланды

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен келіссөз жүргізді.

Саясат • 30 Желтоқсан, 2022

Стратегиялық бағытқа жасалған сараптама

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми Кеңесінің қорытынды отырысына қатысты.

Оқиға • 29 Желтоқсан, 2022

Мемориалдық тақта ашылды

Астана қаласында белгілі ақын, Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Нұрғожа Ораздың Жеңіс көшесі, №2 мекенжайдағы тұрған үйіне мемо­риал­дық тақта қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

Руханият • 29 Желтоқсан, 2022

Әдебиетіміздің көкжиегін кеңейткен жазушы

Несіпбек Дәутайұлы туралы мөлтек сыр Қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлының соңғы онжылдықтарда қазақ прозасында ерекше қолтаңбасымен көрінген еді.

Дәстүр • 29 Желтоқсан, 2022

Аталар дәстүріне адалдық

Бағзы мен бүгінді жалғаған өшпес те асыл бір құндылық бар, ол – батырлық. Ұранды елдің ұланының батыл, ержүрек һәм қажырлы болып өсуі, кез келген сәтте қолына қару алып, Отанының қорғанына айналып, қарсыласына қайыспай қарсы тұруы – бабалар аңсаған азаттық пен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заманды орнатудың алғышарты.

Тарих • 29 Желтоқсан, 2022

Шаян көтерілісі

Халқымыздың тарихында қалың бұқараның азаттық, әділдік жолында «ақырып теңдік сұраған» кездері аз болмаған. Солардың бірі – еліміздің оңтүстік өңірінде өткен Шаян көтерілісі.

Саясат • 29 Желтоқсан, 2022

Сенім құны – әділдік

Бүгіннің басты талабы – әлемінің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Жаһанды екі лагерьге бөлген текетірестердің жаңа ошағы пайда болған сайын, халықаралық келісімшарттар мен заң үстемдігі саясаттың көлең­кесінде қалып қойып жатқаны үлкен қынжылыс тудырады. Өйт­кені әділдік немесе ақиқат ауыса берсе, сенімнің құны қанша­лықты болуы мүмкін?

Руханият • 28 Желтоқсан, 2022

Қуғын-сүргін құрбандары заң негізінде ақталады

Осы жылы 9 желтоқсанда «Egemen Qazaqstan» газеті сайтында «Комиссия жұмысының елеулі нәтижелері» атты материал жарияланып, соның ішінде ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжановтың төмендегі мазмұндағы сөзі берілгенін байқадық: «Горбачевтің дәуірінде арнайы қаулы қабылданып, бір жылдың ішінде Қазақстанда 29 мың адам ақталыпты. Ал бізде екі жыл өтсе де 29 адам әлі ақталған жоқ. Комиссия ақтаудан бұрын зерттеумен айналысып кетті. Зерттеу – үздіксіз, жалғаса беретін үдеріс. Ал ақтау мәселесі күтіп тұрмайды...»

Руханият • 28 Желтоқсан, 2022

Жаңалық (Эссе)

Ел құлағы – түрік. Жұрт жаңалық күтіп отыр. Ниет дұрыс. Кезектен тыс сайланған Президент. Әлем алма­ғайып. Жұрт жаңалықты жақсылық деп қабылдауға даяр. Тек жаңалық мазмұны ізгілік болса екен.