Пікір • 26 Сәуір, 2023
Бірлікті сақтау – басты міндет
Еліміздің аналар қауымы қашанда бейбітшілікті, тұрақтылықты, әділеттілікті жақтайды. Халық Ассамблеясы аясында республикамыздағы барлық этнос өкілдері бірлік пен тыныштықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде сақтауға атсалысып жатыр.
Пікір • 26 Сәуір, 2023
Қоғамды біріктіруші ерекше ұйым
Береке мен бірліктің отаны болған еліміздің елордасында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында ел бірлігі мен татулығы жайында айтылған өрелі әңгімелер ешкімді де бейжай қалдырмайды.
Саясат • 26 Сәуір, 2023
Әйелдер арасындағы жұмыссыздықты төмендету мәселесі қаралды
Кеше Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында еліміздегі әйелдер жұмыссыздығын төмендету жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD, биолог-генетик Бауыржан Айтуов тіс эмалін қалпына келтіретін «InnoDent» технологиясын ойлап тапты. Тың технология тіске түсе бастаған дақ түріндегі кариесті емдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2023
Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму
«Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыппен өтіп жатқан елдік іс-шараның алғашқы күні сарапшылар халық Ассамблеясының саяси реформаларды жүзеге асырудағы орнын және осы бағыттағы ой-пікірлерді, жобаларды талқылады.
Егемен Қазақстан • 25 Сәуір, 2023
Экономика • 24 Сәуір, 2023
Еңсемізді басқан импортқа тәуелділік
Импортқа тәуелділік Үкімет пен экономика үшін «Ахиллес өкшесі» екені сарапшылар қауымына белгілі. Импорттың орнын отандық өніммен алмастырамын, яғни отандық өндіріс ашамын деп сол салаға қаржыны аямай құюы керісінше импортты асқындырып жіберген кездері аз емес.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте, елдің дамуына қатысты біраз мәселені қамтып, маңызды бағыттарды тағы бір нақтылады. Оның ішінде су мәселесі айырықша айтылды. «Суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін», деді Президент.
Қоғам • 24 Сәуір, 2023
Үкіметте Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген келелі кеңеске алғаш рет қатысқан облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатарында болдым. Бұл қадамды Президенттің өзі айтқандай, саяси өзгерістің бір нышаны деп қабылдаймыз.
Пікір • 24 Сәуір, 2023
Әл-ауқатты көтеру тетігі мен заң үйлессе...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте халық ай сайын қаржысының тең жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайтынын айтты. Үкіметтің әрекетсіздігін сынап, тыйым салу және шектеу шаралары қиындықтың бетін қайтарса да, жүйелі іске бастамай тұрғанын қаперге салды.