Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21563 материал табылды

Инновация • 29 Мамыр, 2023

Смартфондар бізді тыңдай ма?

Смартфондар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған дәуірде құпиялылық пен деректер қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық қоғамдық талқылаудың алдыңғы қатарына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 29 Мамыр, 2023

Арда туған Сейдәзім

1917 жылы «Қазақ» және «Сарыарқа» басылымдарында Бүкілресейлік құрылтайда қазақтың мүддесін қорғауға лайық деп 43 адамның аты аталған хат жарияланады. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан есім-сойларын түгендеген, мемлекет негізін құратын кеңеске лайықтаған топта Сейдәзім де бар еді. Хат мәтінінде Сейдәзім Қадырбай есімі Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан кейін үшінші аталыпты. «Қыр баласы» айрықша сенім артқан Сейдәзім Қадырбайұлы кім? Алаш тарихнамасында тұлғаның алар орны қайсы? Өмір дерегі бізге нендей сыр шертеді?

Ғалым • 29 Мамыр, 2023

Миллиондаған қазақтың жоқтаушысы

ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, білікті ұстаз, Ашаршылық тақырыбының көрнекті зерттеушісі, марқұм Талас Омарбеков туралы өткен шақпен естелік мақала жазуға тура келіп тұр.

Шаруашылық • 28 Мамыр, 2023

Малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Тұлға • 28 Мамыр, 2023

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарыш конструкторы

Жаңа ғарыш кемесін жасауға атсалысқан кеңес ғалымдарының арасында қазақ ғалымы да бар еді. Бірақ ол туралы кезінде айтылмады. Оған құпия мекеменің құпия маманы ретінде үнемі жасырын өмір сүруге тура келді. Бүгінде өмірден өтіп кетсе де, ол туралы ғаламтордан ақпарат таба алмайсыз. Отбасылық суреттерінен басқа ештеңе жоқ. Біздің қолымызда өмірден өтер алдында кезінде өзіне қамқоршы болып, қанатының астына алған Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын туған апасы Салиха мен жездесі Ниязғалидың шаңырағына келгенде түскен жалғыз бейнесі қалды. Бұл қазақ ғалымының аты-жөні – Оңғарбай Қазыбаев.

Жәдігер • 28 Мамыр, 2023

Ғабеңнің қалта сағаты

Шынжыр баулы қалта сағаты – Ғабең тұтынған бұйым­дардың бірі. Оны қалтасынан алғанда, жұрт назарын ерік­сіз аударады деседі. Мұндай сағаттар әуелде «Нюрнберг жұмыртқасы» деген қызық атаумен аталған. Дөңгелек, сопақша, жұмыр келген.

Инновация • 26 Мамыр, 2023

Цифрлық сауаттылық - заман талабы

Қазіргі ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.   Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану ақпаратты өңдеу, коммуникация және онлайн ортада бейімделу қабілетімізді анықтайды. Әсіресе, Қазақстанда цифрлық сауаттылық мәселесі өзекті және ерекше назар аударуды талап етеді.

Инновация • 26 Мамыр, 2023

Мүмкіндігі мол мобилография

Соңғы онжылдықта цифрлық технология айтарлықтай дамып келеді. Әртүрлі салаларда жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Үлкен өзгерістер болған осындай бағыттардың бірі - фотосурет. Жоғары сапалы камералары бар смартфондардың пайда болуымен мобильді фотосурет немесе мобилография біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Дәстүр • 25 Мамыр, 2023

Қымызмұрындық – ұлт қазынасы

Жалпы, қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық мәдени рәсімінің бірі – Қымызмұрындық. Бұл да Наурыз мейрамы сияқты көнеден келе жатқан қазына. Дәлел ретінде келтірсек, Еуропа, Қытай, Парсы елдері тарихшылары мен саяхатшыларының, Геродоттың жазба деректерінде «Сақтардың ең жақсы сусыны – қымыз, ал үлкен тойы – Қымыз­мұрындық, деп жазылған. Мұндай деректер кейінгі ортағасырлық ғалымдардың еңбектерінде де көптеп кездеседі. Әсіресе Армения, Ресей тарихшыларының еңбектерінде көбірек айтылады. Бірақ бұл дәстүр кеңес кезеңінде дұрыс ­насихатталмады.

Тұлға • 25 Мамыр, 2023

Қара шаңырақты құт көрген

Ғасырдан астам тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағы табалдырығын студент кезінде аттап, содан бүкіл саналы шы­ғармашылық ғұмырын осы ұжымға арнап, осында табан аудар­май еңбек етіп, зейнет жасына жеткенше қолынан қаламын тастамаған журналист Әділ Дүйсенбек бас басылым – «СҚ» – «Егеменнің» шырақшысы, жылнамашысы еді деп айтуға әбден лайық.