Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24562 материал табылды

Тұлға • 06 Маусым, 2024

Қайраткердің әдебиеттану мұрасы

Мемлекет басшысы тарихымыздың күрделі кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру аса маңызды іс екенін атап көрсетті. Бүгінгі айтпағымыз да саяси­ қуғын-сүргін құрбаны болған тарихи тұлғалардың бірі, биыл туғанына 130 жыл толған Сұлтанбек Қожанов туралы. Әділетсіз қоғамның тақсіретін көп тартқан осы қайраткер кешегі 90-жылдарға дейін елеусіз, ескерусіз қалып келді. Қарт Қаратаудың теріскей бетіндегі шежірелі Созақ жерінде, дәлірек айтқанда, әулиелі Ақсүмбе, періштелі Ақбикеш баурайында дүниеге келген ол Түркістан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда, Мәскеу, т.б. қалаларда оқып, еңбек етіп, саяси тұлға деңгейіне көтерілді. Тәрбие көзі ұстаздық еңбек пен хатшылық, комиссарлық қызметтің қай-қайсысын атқарса да елдік ұстанымнан айныған жоқ. Қожановты қайта тану сол тоқсаныншы жылдары жаңа бір күшпен белең алды. Профессор Темірбек Қожакеевтің, ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріптің, жазушы ғалымдар Бейбіт Қойшыбаев, Жолтай Әлмашұлы мен Дулат Тұрантегінің әр кезде жарық көрген еңбектері қайраткердің әр алуан қырын ашып, халыққа танытып жатыр.

Тарих • 05 Маусым, 2024

Мәстура Абылайқызы және басқалар

Бұл фотоны сақтап, ұрпағына аманаттаған жан – Гүлнар Хайретдинқызы Болғанбаева (1927-2008). Иә, әйгілі Алаш қайраткері Хай­ретдин Болғанбайдың перзенті. «Халық жауы­ның» қызы атанса да, кеңес заманында адал ең­бегімен «Ленин» орденін алған ардагер ұстаз. Ұзақ жыл Қорғалжынның Сабындысында мектеп директоры болды.

Оқиға • 05 Маусым, 2024

Қостанайлық ұландар бір түнде қос қайғыға тосқауыл болды

Қостанайлық офицерлер бір түнде екі оқыс оқиғаның алдын-алып, полиция қызметкерлеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саясат • 05 Маусым, 2024

2025 жылы аудан, облыс әкімдерін қайта сайлау өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты мақаласында елде жүргізіліп жатқан реформаларға түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 05 Маусым, 2024

Қазақстан халықаралық дипломатияны қолдайды - СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерді толық қолдайтынын білдіретін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 05 Маусым, 2024

Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

1973 жылдан бері 5 маусымда қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтіледі.  Бұл атаулы датада Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жетекшілікке алынады, деп жазады Egemen.kz.

Аңдатпа • 05 Маусым, 2024

Аңдатпа: Астана кешінде...

9 маусым - «Астана опера» сахнасында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квар­тетінің «Ку­миры минувших веков» атты концерті ұсынылады.

Қоғам • 05 Маусым, 2024

Ұрпақтың амандығына алаңбыз

Балаларды қорғау күні жақындағанда бала мәселесіне үңілетін әдетіміз бар. Биыл балаларды қорғауға бағытталған арнайы заң қабылданып, тәртіп күшейе түсті. Сондай-ақ еліміз БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанына 30 жыл толып отыр. Көз қуанышымыз деп жүрген баланы қорғау үшін басқа қандай шаралар атқарылды?

Тұлға • 05 Маусым, 2024

Қазақ режиссурасының қарлығашы

Биыл – қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы театр режиссері, елімізде театр өнерінің негізін қалаған тұлға­ның бірі, Қазақстанның халық әртісі Ғайни Хайруллинаның туғанына 110 жыл.

Аймақтар • 05 Маусым, 2024

Ынтымақтастық көкжиегі

Жуырда Семей қаласында Абай университетінің ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында «Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Ел Президенті Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» бағдарламалық мақалаларында ғұлама ойшыл, ұлт руханиятының алтын діңгегі, темірқазығы атанған қазақтың бас ақыны Абай шығармашылығын жұртшылыққа насихаттау, Абай ілімі арқылы жастарға тәрбие беру, оның «Толық адам» туралы ілімін насихаттау жұмыстарына бас­ты назар аударғаны белгілі. Сондықтан Абайдың мұраларын ұлықтауда, ең алдымен, ұлы ақынның атымен аталатын мәдениет пен өнер, білім ошақтарына жүктелетін жауапкершілік аса жоғары.

Яндекс.Метрика