Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21570 материал табылды

Пікір • 30 Наурыз, 2023

Ғылым академиясының жаңа тынысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 наурызда Ғылым академиясын ел Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат – тарихи да дәстүрлі Академияның мәртебесін арттыру. Жаңа мәртебеге ие болған академия қызметі енді қалай өзгереді? Бұдан қандай нәтиже күтеміз? Ел ғалымдарының пікірін сұрап білген едік.

Пікір • 30 Наурыз, 2023

Алда ауқымды міндеттер тұр

Мемлекет басшысының Жарлығында кейін Ұлттық ғылым академиясы еліміздің жоғары ғылыми ұйымы екені нақты айтылды. Академияға мемлекеттік мәртебе берілді және әлемнің барлық жетекші елдеріндей Ғылым академиясының барлық мүшесінің мәртебесі де артатын болады. Ұлттық ғылым академиясы мен үлкен ғылымның барлық мәселесі жоғары деңгейде шешіледі.

Ғылым • 30 Наурыз, 2023

Ғылымға көзқарас – мемлекет өркендеуіне көзқарас

Елімізде елеулі саяси өзгерістер жүріп жатыр. Жаңару мен әділеттік негізгі ұстанымға айналды. Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының басты драйвері – ғылым мен инновация.

Әскер • 30 Наурыз, 2023

Теңіз айбыны

Сәуірдің екінші жұлдызында еліміздің Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай Ақтау қаласындағы әскери-теңіз базасында болып қайтқан едік. Ондағы мақсат – еліміздің айбыны мен айдынын асырып отырған әскери теңізшілердің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу.

Ғылым • 29 Наурыз, 2023

Өнеркәсіптің қозғаушы күші – ғылым

Дамыған елдердің негізгі көрсеткішінің бірі – ғылым мен технология. Бүгінде ғылымы мен өнеркәсібі үйлескен ел озық елдер қатарына шығады. Әл-Фараби бабамыздың «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлың­ғыр» деген қанатты сөзі әлі де өзекті. Президент еліміздегі өнер­кә­сіпті алға жылжыту факторының бірі ғылым деп атады. Осы мақсатта жаңа құрылған министрлікке арнайы заң жобасын әзірлеуді ұсынып отыр.

Бизнес • 29 Наурыз, 2023

Кәсіпкерлікке серпін береді

Мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің «жаңа толқынын» қалыптастыру қажет екенін айтты. Оның бел ортасында таланты мен талабын ұштастыру арқылы табысқа жеткен бизнесмендер болуға тиіс.

Пікір • 29 Наурыз, 2023

Плюралистік Парламент

Мәжіліс депутаттарының VIII шақыры­лы­мына сайланған құрамы да белгілі болды. Бұл – осы күнге дейінгі аралас ма­жо­ритарлық пропорционалды принцип бойын­ша сайланған бәсекеге ең қабілетті және плю­ралистік Парламенттердің бірі.

Пікір • 29 Наурыз, 2023

Маңызды істер күтіп тұр

Жаңадан сайланған Парламент депутаттарының құрамы үшін алдағы бес жыл күрделі сынаққа толы жыл болмақ. Себебі өткен жылы басталған еліміздегі күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі іске асыру жаңа Парламент құрамына жүктеледі.

Ұстаз • 29 Наурыз, 2023

Ұстаз – ұлы қызмет

VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңдағы білім сапасы туралы: «Білім сапасын, әсіресе орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет. Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруі­міз керек. Алайда мұғалімдердің, директорлардың және педа­­го­гикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық білік­тілік емтиханынан өте алмады», деді.

Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Адам капиталын дамыту айқындалады

Жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында Президентіміз көтерген мәселелердің барлығы маңызды деп санаймын.