Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19831 материал табылды

Руханият • 13 Қазан, 2022

Ізгілік рәмізіндей

Көркем әдебиетте заманауи мәселелерді, адамның барлық болмысын, талайлы тағдырын жан-жақ­ты қозғап, толық түсінуге деген талпыныс қашан да өзекті болған, бола да бермек. Кө­кірекке сыр тұндыра сурет салу, оқырман жан дүниесіне терең бойлау – бұл әр сурет­кер­дің алдына қойған биік мұраты болса керек. Сондай сырбаз да сұлу суреткерлікті мұрат етіп, өмі­рінің өзегіне айналдырып, шығармашылық ізденісінің көкжиегі – туындылары арқылы оқырманның талғам-таразысынан табылып жүрген жазушының бірі – Сабырбек Олжабай.

Әдебиет • 13 Қазан, 2022

Мұхтар Әуезовтің аударма өнері

ХХ ғасырдағы аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов сан қырлы шығармашы тұлға еді. Ол әдебиеттің проза, драматургия, әдеби сын, фольклористика, әдебиетті тану салаларында жемісті еңбек етіп, шоқтығы биік туындылар жазумен бірге аударма саласында да елеулі туындылар қалдырды. Мұхтар аударманы зерттеу мен көркем аударма жасауды қатар алып жүрді.

Қоғам • 13 Қазан, 2022

«Қазақстан халқына» қоры азаматтардың өміріне қандай өзгеріс әкелді?

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының құрылғанына шамамен 9 ай. Ауқымды мақсаттар мен өршіл міндеттер қойылған қайырымдылық ұйымының қызметі үшін біршама қысқа мерзім. Алайда, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде жылдам әрекет ету керек, өйткені көмекке дәлі қазір мұқтаж жандар көп.

Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Ел сенімі – елдіктің арқауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі бір айдың көлемінде бірнеше облысқа сапарлап қайтты. Жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, әр өңірдегі жағдайдан, түрлі өзгерістерден хабардар екенін байқатты. Жалпы, мұндай сапарларға шығу, елдің ішінде жүру халықтың Президентке деген сенімін арттырары анық. Өңірлердің алдағы даму бағдарын айқындап алу тұрғысынан да маңызды.

Қоғам • 12 Қазан, 2022

Тұрғын үйлерді жылыту тәжірибесі

Қалалардағы тұрғын үй қорының едәуір бөлігі орталықтандырылған жылумен және энергиямен қамтылған көппәтерлі ғимараттардан және сыртқы қабырғалар ретінде кірпішті, ірі панельді, блок материалды, сондай-ақ монолит темірбетонды қолдана отырып салынған үйлерден тұрады. Осы тұрғын үй қоры жылдан жылға ескіріп, жөндеуді қажет етеді. Мәселен, 1950-1990 жылдары салынған ғимараттар энергия үнемдеуді есепке алмаған.

Саясат • 12 Қазан, 2022

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы

Медицина • 12 Қазан, 2022

Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға жуық сүт безінің қатерлі ісігі анықталады

Жыл сайын Қазақстанда сүт безі обырының 5 мыңға дейін жағдайы анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Жерді заңсыз иеліктен шығару деректері тексеріледі

Бас прокурор Берік Асылов Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі болған кезіндегі жерді заңсыз иеліктен шығару фактілері туралы ақпаратты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Жемқорлық жасады деген күдікке ілінген судья қызметінен босатылды

Жоғары сот кеңесі (ЖСК) жемқорлық жасады деген күдікке ілінген судья Светлана Жолманованы қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.