Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
4069 материал табылды

Қазақстан • 13 Маусым, 2021

Ғылымның қия жолында

Әр адамның жүрек картасында өмiр-бақи ұмытпайтын, әрдайым аялап, қастерлеп жүретiн ыстық нүктелерi болады.  Жетiсудың қиян терiскейiн­дегi Қаратал бойында, көгiлдiр Балқаштың жағасындағы балықшы ауылдары – Фрунзе, Көпбiрлiк мен үшiн, мiне, сондай қасиеттi елдi мекендердiң қатарында.

Қазақстан • 13 Маусым, 2021

Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең

2019 жылғы 19 наурызда Қазақ­станның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен өз еркімен кетті, ал одан кейінгі сайлау жаңа және мүлдем басқа модельдің тууына себепші болды. Бұл жаңа кезеңде 2019 жылғы 9 мау­сымда Президент сайлауында жеңіске жетіп, 12 маусымда ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың да үлесі бар.

Тарих • 08 Маусым, 2021

Қытай ауған қазақтар

Қазақстан мен Қытай іргелес көрші елдер болғандықтан, халықтардың өзара барыс-келістері ежелден жалғасып келеді. Алайда босқын ретінде қазақтардың Қытай жеріне топ-тобымен баруы алғаш рет 1916 жылы болды. Патшалық Ресей үкіметі соғысқа қажетті заттарды дайындау үшін Орталық Азия елдерінен алынатын салықтың мөлшерін көбейтіп, аймақтағы әлеуметтік проблемаларды шиеленістіріп жіберген-ді.

Қазақстан • 07 Маусым, 2021

Ана – мәңгі асыл бейне

Анаға арнаған өлеңінде ақын Мұқағали Мақатаев: «Тәңірім кеше көрсін кесірімді. Аспанға жазам сенің есіміңді! Шеше, сен бақыттысың, тербете бер, Құба талдан иілген бесігімді...» деп философиялық ой түйіндейді. Ал Төлеген Айбергенов: «Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен» дейді. Иә, Ана – асыл бейне.

Абай • 04 Маусым, 2021

Атымды адам қойған соң...

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме. Өзі ермей, ерік бермей жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме.                                                         Абай Ендігі сөзді ақын Абайды шайырларының шұрайлы тілі мен терең ойы еліктірген, рухынан медет сұраған араб-парсы әдеби әлемінен тарқатамыз.

Тарих • 31 Мамыр, 2021

Аштық және ұлт тағдыры

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы және осыған байланысты басталып кеткен ұйымдастыру жұмыстары ұлт тарихындағы аса қасіретті кезең – Аштық тақырыбына да сәулесін молынан түсіреді.

Тарих • 31 Мамыр, 2021

Тарих – түгендейді, уақыт – бүтіндейді

Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатында «Ашаршылық. Голод. Документальная хроника. Сборник документов 1928-1934» атты үш томдық кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Сайлау • 26 Мамыр, 2021

Тікелей таңдау ең сауатты және кәсіби басшыларды анықтауға мүмкіндік береді

Биыл елімізде ауыл әкімдерін сайлау үдерісі басталмақ. Өткен аптада Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конститу­циялық заң жобасын қабылдады.

Тәуелсіздік • 26 Мамыр, 2021

Тәуелсіздік – халқымыздың ең басты құндылығы

Кез келген халықтың ең үлкен құн­дылығы – елінің тәуелсіздігі. Ата-бабамыз аңсап өткен тәуел­сіздікті қадірлеу, оны бағалай білу – баршамыздың ең басты парызымыз. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп айрықша атады.

Әдебиет • 13 Мамыр, 2021

Ақыл суаты мен сезім қуаты тоғысқанда

Қай ғасырдағы ұлы ақын, жазушыны алмаңыз, өз дәуіріндегі адамгершілік, моральдық мәселелерді айналып өтпеген. 

Яндекс.Метрика