Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Тарих • 24 Мамыр, 2024

Автохтонды қазақ қалай депортацияланды?

1947 жылы 13 мамырда КСРО Министрлер Кеңесі Ресейдің Астрахан, Волгоград, Қазақстанның бұрынғы Орал, Гурьев облыстары­ аумағында Орталық мемлекеттік «Капустин яр» полигонын құру жөнінде шешім қабылдады. КСРО Министрлер кеңесінің 1951 жылы 21 желтоқсандағы №5263 қаулысына сәйкес полигон аумағын ұлғайту мақсатында Батыс Қазақстан облысындағы Орда ауданының 1 миллион 355 мың 692 гектар жері әскери полигон иелігіне беріледі.

Тағзым • 24 Мамыр, 2024

Өзбекстандағы өрелі жиын: Ақ сөйлеген Әйтеке би

Әділ сөздің алдаспаны – Әйтеке би бабамыздың туғанына биыл 380 жыл толып отыр. Осы мерейтойға байланысты жақында «Қаз да­уысты Қазыбек би» қоғамдық қоры құрамында Өзбекстанның Науаи облысында қонақ болып қайттық. Қазақтың үш ұстынының бірі – Әйтеке би «Би атасы Сейітқұл» деген абырой-атаққа ие болған атақты Сейітқұл биден тарайды.

Тұлға • 24 Мамыр, 2024

Қаһарман – халық жүрегінде

25 мамырда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толады.

Университет • 23 Мамыр, 2024

Таланттыларға тартымды тарту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында 2025 жылға дейін елімізде беделді ­ше­­те­л­­­д­ік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажеттігін, соның ішін­де техникалық бағыттағы жоғары оқу орнының екі филиалын елі­міз­дің батыс өңірінде ашу туралы тапсырма берген еді. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ұлыбританиялық Heriot-Watt универ­си­те­тінің филиалын ашу жөнінде бастама көтеріліп, тиісті келісімдер жасалды.

Пікір • 23 Мамыр, 2024

Президенттік институт – мемлекеттіліктің тірегі

Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңі әлемде белең ала бастаған жаһандану үдерісімен тұспа-тұс келді. Бұл үдеріс өз болашағымыздың басты бағыт-бағдарын дербес айқындауымызды қиындатып жіберді. Себебі біз егемен мемлекет болуға ұмтылып, ұлттық мемлекеттілігіміздің негізін қалауға кіріскенімізде, әлемде ұлттық мемлекеттердің рөлін төмендетуге бағытталған үрдіс күшейе бастады. Оның үстіне халықты әбден мезі қылған коммунистік идеология мен «социалистік мұрадан» біржолата бас тартып, одан арылуға деген асығыстық тағы бар. Нәтижесінде, көп ойланбастан, «аттың жалында, түйенің қомында» нарық пен демократия­ны құруға кірісіп кеттік.

Пікір • 23 Мамыр, 2024

Қажет құжат

«Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қоғам • 23 Мамыр, 2024

Қоныс аударушыларға жасалған қолдау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Руханият • 23 Мамыр, 2024

Түрік пе, түркі ме?

Бүгінгі таңда ел болып етек-жеңін жиған түрік текті халықтар өз тарихын түгендеп, бұрмаланған беттерін түзетіп жатыр. Ел болып еңсемізді көтерген біздің жұрт үшін де өткендегі барын бағалап, жоғын жоқтайтын кезең туған сияқты.

Тұлға • 22 Мамыр, 2024

Сезімді сөйлеткен сазгер

«Ұмытпа, жаным, ұмытпа, күнім, хат күтіп сенен шыдамсыздықпен, сағынар жүрек, сүйгенін тілеп». Осылайша, Оңдасын Сексенбайұлы баритон дауысымен мандолинге қоса әуелете шырқаған әнге тебіренбейтін жан болмайтын. Ол әнін аяқтап, азырақ үнсіздіктен соң: «Бұл ән – Жеңіс ағаның әні, композитор Жеңіс Естілеуовтікі» дейтін әнді өзі шығарғандай қоқиланып. Біз Жеңіс ағаның әнімен осылай танысқанбыз.

Зерде • 22 Мамыр, 2024

Ұрпақтың қасиетті парызы

2020 жылы 24 қарашада Президент Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мақсатында Мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. Комиссия тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, яғни қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерді құқықтық және саяси тұрғыдан толық ақтау міндетін орындауға тиіс. Саяси қуғын-сүргін қасіретін зерттеуге нүкте қою мүмкін емес. Себебі 1917 жылдан бастап 1953 жылға дейінгі большевиктер мен кеңестік билік ылаңының зардабы тым ауқымды.