Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Қыркүйек, 2022
Жарық жұлдыздар ешқашан сөнбейді
Қазақ халқында текті туған, ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында атсалысқан азаматтар баршылық. Солардың арасында шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы десек, артық айтпағанымыз болар.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Әскер әлеуетін отаншылдық күшейтеді
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен Маңғыстау облысына ақпараттық-түсіндіру тобы келді. Жұмыс тобы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, қоғамда әскери қызметтің маңызды екенін дәріптеу, сондай-ақ «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» атты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Пікір • 21 Қыркүйек, 2022
Бетбұрыс кезеңдегі байыпты Жолдау
Кемелдік пен кеңдік дейміз. Мақсат пен міндет күлкі емес, көркем болуы шарт дейміз. Осы бір шарапаты мол түсініктерді кейде мен ұлтыма да теңегім келеді. Ұлт дегеніміз – халықтың жетілген, парасатты түрі. Өзін-өзі сақтауға, дамытуға, қорғауға айрықша ден қоя алатын қабілеттің түрі.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Олар озық компанияларда еңбек етеді
Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан отандастарымызбен кездесті. Олардың басын қазір Digital Nomads IT қоғамдастығы біріктіріп отыр. Президенттің бейресми кездесуінде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз реформалар жолында нық қадаммен алға басып келеміз
Еліміз алдағыны дұрыс болжауға құрылмаған, оқшауланған стратегиядан бас тартып, болашаққа ұмтылады.
Пікір • 21 Қыркүйек, 2022
Жаңа дәуірге жасалған саяси қадам
Қазақстан үлкен кезең алдында тұр. Таяуда Парламенттің бірлескен отырысында халықтың келешегі, елдің ертеңі үшін маңызды шешім қабылданды. Атап айтқанда, Президенттік өкілеттікті 7 жылдық бір мерзімнен шектеу, Конституциялық сот мүшелерін тағайындау және елорданың бұрынғы атауын қайтару секілді мәселелер қаралды. Бірлескен отырыста қаралған мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауымен үндес шығып отыр.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022
Президент Жолдауында көтерілген айшықты мәселелердің бірі – адам құқығының қорғалуы. Әсіресе отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық – елімізде түйіні шешілмей тұрған өзекті проблема.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Жаратушының адамзат пешенесіне бұйыратын мағыналы ғұмыры бар-жоғы жиырма-отыз жыл шамасында екен. Кісі пендесінің қалған уақыты ес жиып, етек жабумен және тамақтану, ұйықтау сияқты нәпсілі харекеттермен өтетін көрінеді. Жан атаулының барлығы да ас ішіп, көз іліндіретін табиғат заңына мойынсұнатыны белгілі. Дейтұрғанмен асқар тұлға – Асанбай Асқаровтың басып өткен өмір белестеріндегі мағыналы ғұмырының әр сәті де текке өтпегеніне біздің көзімізді жеткізеді.
Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Қыркүйек, 2022
Үмітпен өткен ғұмыр: Бадрисафа Байтұрсын келінінің Е.Пешковаға жазған хаттары
Ахмет Байтұрсынұлы патша заманында да, кеңестік кезеңде де қуғын-сүргін көріп, бірнеше рет түрмеге жабылған. Оның адам еркіндігін шектейтін абақты атты тар құрсауда ұзақ мерзімде отырған кезеңі – 1909-1910 жылдардағы Семей және 1929 жылы қамалған Мәскеудегі Бутырка түрмесі. Семей түрмесінде ол 7 айдан астам уақыт жапа шексе, Алматы-Мәскеу түрмелерінде 20 ай қамақта отырды. Алаш ардақтысының жазықсыз жазаға тартылғанына күйініп, оны құтқару үшін билік орындарына арыз-шағым жазған кісілердің бірі – жұбайы Бадрисафа Мұхамедсалыққызы (Байтұрсынова). Бадрисафа Байтұрсын келінінің билік органдарына жолдаған шағымдары мен хат-хабарлары архив мұрағаттарында сақталған. Патша заманында абақтыға қамалған отағасын құтқармақ болып жанұшыра қимылдаған Бадрисафаның маңдайына кеңестік бәлшебектік билік тұсында сол тағдыр одан да ауыр жолдармен жазылған еді...
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Ардагерлер арасындағы әлем чемпионы
Жақында Қырғызстанның Ыстықкөлінде стрендлифтинг спортынан тоғызыншы әлем чемпионаты өтті.