Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19848 материал табылды

Коронавирус • 09 Маусым, 2022

Елімізде 9,5 миллионнан астам адам вакцина салдырды

2022 жылғы 8 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 510 545 адам, ІІ компонентін 9 288 778 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 09 Маусым, 2022

Қазақстандық велошабандоз Италиядан жүлделі оралды

Вадим Пронский екі жыл қатарынан итальяндық «Адриатика-Ионика» атты көпкүндік жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 09 Маусым, 2022

Ұлытауға адал азамат

Еліне, туған жеріне аса адал азаматтар тым көп деп мақтана алмасақ керек. Бірақ Алланың бойына ерекше қасиет беріп жаратқан адамдары болады. Сол қасиетін өз бойына ғана емес, туған жеріне адал жаратып, үлкен пайдасын тигізіп жүрген азаматтардың бірі Бақтияр Қожахметов деп білемін.

Қоғам • 09 Маусым, 2022

Қоғамдық көлікте тегін жүре бастады

Қай елді мекеннің де таза болуы немесе күл-қоқысқа белшесінен батып жатуы сонда тұратын адамдардың көңіл күйіне жақсы не жаман жағынан әсер ететіні айтпаса да түсінікті жайт. Сондықтан кім-кімде өзі өмір сүріп жатқан жерінің тазалығына қажетті деңгейде мән берсе, соған сай көңіл күйінің де әр кез көтеріңкі жүретіні күмәнсіз.

Әдебиет • 09 Маусым, 2022

Дара тұлға туралы вернисаж

Биыл қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отырғаны белгілі. Осыған орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Әуезов әлемі» атты әдеби вернисаж өткізді.

Қоғам • 09 Маусым, 2022

BALAM – ата-ананың көмекшісі

Назарбаев Университеті инновациялық кластерінің стартаптарына арналған Demo Day өтті. Іс-шарада инкубация және акселерация нәтижесі бойынша 23 стартап ұсынылып, ең үздік үшеуіне 2 млн теңгенің гранты бөлінді.

Қоғам • 09 Маусым, 2022

Сотталғандар психологтен кеңес алды

Жетісай ауданында пробация қызметінің есебінде тұратын жастармен қоғамдық өмірге қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында психологиялық кеңес өтті.

Қоғам • 09 Маусым, 2022

Britannica – іскерлік үлгісі

Алм­атылық кәсіпкер Арайлым Қырғызбекова Almaty Business-2025 өңір­лік бағдарламасын пайдаланып, Britannica балабақшасын дамытуға жыл­дық 6% мөлшерлемемен 9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

Экономика • 09 Маусым, 2022

Инвестжоба игілігін ел көре ме?

Жамбыл облысында Германиямен бір­лес­кен «Монтерра Қазақстан» кәсіпорны 832 млрд теңгенің инвес­ти­ция­лық жобасын жүзеге асыратыны туралы біраз уақыт бұрын айтылған болатын. Ашық ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, аталған шетелдік компания Қордай ауданында бағалы металдарды өңдеп, алтын кен орындарын игеретін ірі өнер­кәсіптік нысанын салмақ әрі 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтымақ.

Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Жайылым тапшылығы өзекті болып тұр

Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұма­ғазиев Парламент Мәжі­лісіндегі фракция мү­шелері Аманғали Бер­далин және Ерлан Саиров­пен бірге Қарағанды облы­сы­ның Нұра ауданы тұр­ғындарымен кездесті, деп хабарлады партияның бас­пасөз қызметі.