Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21583 материал табылды

Пікір • 23 Қыркүйек, 2022

Саяси бағытты орнықтыру тәсілі

Қазақстанда жаңа электоралдық кезең басталды. Референдумнан кейін елдің бірқатар сарапшылары конституциялық реформаның барысы президенттік және парламенттік сайлау өткізу қажеттілігін білдіреді деген еді.

Пікір • 23 Қыркүйек, 2022

Жаңа Қазақстанда – жаңа сайлау

Жылды жаңадан сайланған президентпен аяқта­ғалы отырмыз. Негізі, сайлау өтетіні туралы кейбір сарапшылар ашық айтып та жүрді. Ондай болжам жасауға саяси-әлеуметтік оқиғалардың себеп бол­ғанын жоққа шығара алмаймыз.

Пікір • 23 Қыркүйек, 2022

Болашаққа жасалған нық қадам

Алдағы президент сайлауы – конституциялық реформаның заңды жалғасы. Ата Заңымыздың шамамен үштен бірі жаңартылды. Осылайша Президент жариялаған саяси трансформацияны жүзеге асыру басталды. Сондықтан бұл саяси институттарды қайта іске қосу үшін кезектен тыс президент, парламент және мәслихат сайлауын өткізу қажет.

Пікір • 23 Қыркүйек, 2022

Демократиялық соны үрдіс

Қазіргі таңда айналамызда болып жатқан геосаяси оқиғалар мен өзгерістер ешкімді бейжай қалдырмайды. Отыз жылда кеткен олқылықтардың орнын толтырып, барлық саладағы кемшілікті түзетуге бәріміз мүдделіміз. Мынау аласапыран әлем қазір айтысып-тартысып отыратын уақыт емес екенін көрсетіп отыр.

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022

Еңбек нарығының талабы

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде кәсіптік біліктілік туралы екі заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырысты аш­қан комитет төрағасы Жәмила Нұрманбетова «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы­ның 1 қыркүйектегі Жолдау аясында әзірленгенін айтты.

Пікір • 23 Қыркүйек, 2022

Халық пен билік арасындағы сенім институты

Мемлекет дамуының тарихына назар салсақ, әлемдік тәжірибеде жоғарғы билікті ұйымдастыруды, яғни мемлекеттік басқаруды іске асыру үшін сайлау маңызды рөл атқарған. Ежелгі Грекия мен Римде еркін азаматтар халықтық жиналыстарға қатысып, қолдарына бюллетень алып, жеребе арқылы саяси өмірге белсене атсалысқан.

Пікір • 23 Қыркүйек, 2022

Жеті жыл – жетістіктің бастауы

Биылғы сайлаудың өтетін күні белгілі болды. Бұл көптен күткен саяси оқиға болғандықтан, жұртшылықтың елең ете қалғаны анық. Кезектен тыс сайлау жаңа реформалардың бастауы болады деп сенемін.

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022

Зергерлік бұйымдарды тасымалдау бақыланады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы кезекті жиында асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды экспорттау мен импорттаудағы түрлі кедергілер талқыланды. Бейнебайланыс режімінде ұйымдастырылған басқосуға ведомствоның жауапты өкілдері, сынақ палаталарының қызметкерлері және қазақстандық зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен өткізушілер қатысты.

Тарих • 22 Қыркүйек, 2022

Түрікменнің алашшыл қайраткері

Патшалық Ресей тұсында Түркістан өлкесінің іргелі білім ордасы саналған Ташкент мұғалімдер семинариясын түркі халықтарынан шыққан 65 адам бітіргені белгілі. Шәкірттер тізімінде қазақ, қырғыз, өзбек, татар, түрікмен бар. Сол түлектердің бірі Күмісәлі Бөриев (түрікм. Kümüşaly Böriýew) – ХХ ғасыр басындағы төңкерістер заманында аймақтың қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өміріне қызу араласып, оның ішінде Алаш қозғалысының тарихында жарқын із қалдырған қабырғалы қайраткер.

Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2022

Ғылымға қамқорлық – мемлекеттің міндеті

Бүгін Астана қаласында жылдық асы берілетін ғалым, әдебиет­танушы, ұстаз Серік Смайылұлы Қирабаев (1927-2021) – ұзақ жыл жоғары білім мен ғылым саласында қызмет еткен ұлтымыздың ірі тұлғасы еді. Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын басқарып, Алаш зиялылары мұрасын, Абайдың академиялық жаңа жинағын жариялауға, 10 томдық әдебиет тарихын жазуға себепші болды. Ғылым қарашаңырағының тағдыры қыл үстінде тұрғанда, билік пен ғылыми қауым арасын үйлестірді. Биыл ел Президенті Қ.К.Тоқаев Ұлттық ғылым академиясына 75 жыл­дық мерейтойымен құттықтауға арнайы барып, отандық ғылым мен ғалым мәртебесіне қатысты елеулі бастама көтерді. Біз марқұм академик С.С.Қирабаевтың қолжазба қағаздары арасында сақталған академия мен ғылым­ның күрделі шағынан хабар беретін бір материалын оқырманға ұсынғанды жөн деп таптық.