Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Қазақстан • 31 Тамыз, 2022

Шәкәрімнің шырақшысы

Әдетте, шырақшы деген сөз халқымыздың бай сөздік қорындағы «шамшырақ» деген сөздің буындас-тұлғалас нұсқасы екені белгілі. Байырғы дос, байыпты ғалым Балтабай Әбдіғазиұлының азаматтық сыр-сымбаты осы «шырақшы» деген сөзге шыншыл балама болып қабылданып, шырақ деген ұлттық термин заттық мағынадан рухани мазмұнға ұласып, оның дидактикалық-риторикалық, лексикалық-семантикалық, әлеуметтік-философиялық реңін ажарлай, байыбын базарлай түседі.

Қазақстан • 31 Тамыз, 2022

Білім реформаторы

Ел егемендігін енді алған сындарлы сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің озық үлгісін көрсеткен айдарлы азаматтардың қатарында Ережеп Мәмбетқазиевтің есімі зор ілтипатпен аталады. Қаншама жастың арманына жол тапқан «Болашақ» бағдарламасы, үш тұғырлы тіл саясаты, тестілеу жобасы, өңірлік университеттердің құрылуы, жоғары мектеп академиясын құру сынды ғалымның бірқатар еңбегі – сол бір елең-алаң шақта дүниеге келген жобалар. Еліміздің ертеңі үшін кідірмей жұмыс бастап кеткен Қазақстанның алғашқы Білім министрінің ғылым жолындағы осынау толағай табыстары жайында әңгіме өрбітсек дейміз.

Қазақстан • 30 Тамыз, 2022

Конституциялық реформа: Негізгі Заңға өзгерістердің мәні мен маңызын терең түсінген дұрыс

Конституция – еліміздің басты, жоғары мемлекеттік Заңы. Осыған байланысты Конституция күні – республиканың барлық азаматтары үшін айтулы күн. Бұл күні, 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда республикамыздың қазіргі уақытқа дейін қолданылып жүрген Негізгі Заңы қабылданды.

Қазақстан • 30 Тамыз, 2022

Болашағымыздың бұлжымас бағдары

Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мем­лекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құ­қықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан өзін демок­ра­тия­­лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең бас­ты құн­дылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жа­рияланды.

Саясат • 29 Тамыз, 2022

Сенімді әлем құру – адамзаттың ортақ мақсаты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойд бірлескен мәлімдеме жасады.

Қазақстан • 29 Тамыз, 2022

Адам құқықтарын асқақтатқан Ата Заң

Республиканың Негізгі Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық болып табылады» деп көрсетілген. Ал Конституцияға 2022 жылғы 8 мау­сымдағы конституциялық Заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекетімізде адам мен азаматтың мәртебесі туралы жоғарыда жарияланған негізгі нормаларды іс жүзінде іске асыруға жаңа негіздер береді.

Саясат • 29 Тамыз, 2022

ІТ-технология: Әйелдерді қолдауға жасалған қадам

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия алаңында IT технологиялар және бизнес саласындағы кәсіпкерлермен кездесу-тұсаукесер өтті.

Қоғам • 29 Тамыз, 2022

Мен көрдім күре жолдың күрсінгенін

Бұған дейін жолау­шылардың базынасын естігеніміз болмаса, Қызылорда – Жезқазған бағытымен жүріп көрмеппіз. Енді, өз көзімізбен көр­дік те, басымызды шай­қап қайттық. Оны қойы­ңызшы, өзіміз де шай­қалып, діңкеміз құрып келді. Әбден. Әсіресе, жап-жаңа Ұлытау облысының шекарасына аяқ артқанымызда, «жыларман» күйге түстік.

Қазақстан • 29 Тамыз, 2022

Виртуалды батырлық бірлікке бастамайды

Көптен бері көкейде жүрген әң­гімені Абайға жүгініп айтпағанда кімге жүгініп айтқандаймыз?! «Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?» деген тосын ойды айтқан Абайдың кез келген сөзіне қайран қаламын. Оны ұлылық деңгейге көтеріп тұрған күмәнсіз көрегендігі мен туған халқының алауыздық қасиетінің сырын ашуға батыл ұмтылысы екені дау тудырмайды.

Руханият • 29 Тамыз, 2022

Шал мен теңіз

Эссе   Өлеңімде бәрі бар, баянды да баянсыз Әбдірахман Жәми (аударған Сейфолла Оспанов)