Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Ауыл медицинасы сапасына баса назар аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жариялап, салалардағы түйткілді мәселелерге кеңінен тоқталып, бұған тиімді шешім ретінде нақты тапсырмаларын берді. Оның ішінде ауыл медицинасын қолдауға қатысты айтқан тұсын ерекше атап өткім келеді.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Балаларға бағытталған бірегей қолдау

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жолғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдар­ламасын іске қосуды тапсырды. Енді Ұлттық қордың жылдық инвестиция­лық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлінеді. Балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Мемлекет басшысы жобаны іске асырудың нақты мерзімін де белгілеп берді, яғни аталған жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Рақымшылық – ең маңызды жаңалық

Жолдауда көтерілген әлеуметтік, экономикалық және сая­си мәселенің барлығы сөзсіз, маңызды. Бірақ Мемлекет бас­шысының «Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым» деген сөзін «Қасіретті қаңтардың» себеп-салдарымен бүгінге дейін айналысып келе жатқан біздер ерекше қуанышпен қабылдадық. Біз үшін бұдан асқан маңызды жаңалық жоқ!

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Мақсат – мықты демократия орнату

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Қазақстан құрудың мақсат-міндеттері мен бағыт-бағдарын тиянақтап берді. Президент елімізді алға жетелейтін және алдағы уақытта болатын саяси өзгерістерді де ашық айтты.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Ел еңсесін көтеретін бастамалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Қуатты ұлттың діңгегі – халық

Елді біріктіріп, жасырын ресурстарды жұмылдыратын, халық пен Үкіметтің күш-жігерін шоғырландыру жолында азаматтық қоғамдастық маңызды рөл атқаратыны мәлім. Яғни халық пен билік арасындағы алтын көпір дерлік үкіметтік емес ұйымдар үшін Президент Жолдауы басты ұстаным болуы керек.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022

Цифрлық хабар тарату – заман талабы

Бүгінгі таңда өмірімізді тұрақты ақпарат көздерінің бірі болып саналатын телевизиясыз елестету қиын. Телехабар тарату уақыт талабынан туындаған жаһандық өзгерістер қарсаңында тұр. Бұл телехабар тарату саласының келбетін толығымен өзгертеді. Енді ешқашан бұрынғыдай болмайды.

Спорт • 02 Қыркүйек, 2022

Халық жазушысына арналған турнир

Мереке күндері Өскеменде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовті еске түсіруге арналған бильярд турнирі болып өтті. Оған спорттың осы түрін ұнататын 32 үміткер қатысты. Жарыс Мәскеу пирамидасы бойынша өтті.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022

Ерекше балаларға арналған орталық

Мен – көпбалалы анамын. Аутизмі бар балаларға арналған орталық ашу туралы идея менің басыма 2020 жылы келген еді.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022

Өмірі өнегеге тұнған азамат еді

Ғабдол-Ғазиз Әмірхамзаұлы – қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарасу ауылындағы Жасбуын орта мектебінің алғаш болып іргетасын қалаған, сол білім ордасының алғашқы директоры болған тұлға.