Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022

Amanat-тан алғашқы көмек

Amanat партиясының барлық өңірлік филиалында Қостанай облысын­дағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пунктері жұмысқа кірісті. Гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.

Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022

Әділетті мемлекет – берекелі қоғам негізі

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2022

Тексеріс пе, текетірес пе?

Подгорное елді мекенінде орналасқан «Норд жолдары» ЖШС жол жөндеумен айналысады. Осыдан төрт жыл бұрын серіктестік басшылығы асфальт-бетон зауытын салуға үш гектар жер телімін алу үшін Қызылжар аудандық әкімдігіне өтініш беріп, заңды рұқсатын алған.

Ұлттық спорт • 04 Қыркүйек, 2022

Ұлттық ойынды ұлттық таныммен зерттесек...

Ойынды тану арқылы біз адамзаттық ақыл-ой дамуын да, соның ішінде ұлтымыздың дүниетанымының өрісін де бағамдай аламыз. Осы бағытта әлемдік ойынтану ғылымының жеткен жетістіктерін пайдалана отырып, қазақ ойынтану ғылымын алға жылжыту өзекті мәселенің бірі болмақ. Әлбетте, қазақ ғылымында ойын туралы ештеңе жазылған жоқ деуге болмайды. Ойын түрлері жиналды, жарияланды.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022

Болашаққа қамқорлықтың үлгісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын білім беру саласының өкілі ретінде жылы қабылдадым. Өйткені Президент бұған дейінгі отандық педагогиканың дамуы мен білім сапасының артуына ықпал еткен тиімді шешімдерін осы жолы да нақты бағыттармен жалғастырды.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022

Жастар күткен Жолдау

Жастардың болашағына жағдай жасау дамитын елдің мақсат-мүдделерімен тығыз байланысты. Бүгінде елімізде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуына қатысты туындап отырған мәселелер жеткілікті. Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Әсіресе, ірі қалаларда жатақхана мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 02 Қыркүйек, 2022

Астық пен ұн экспорттауға шектеулер алынды

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті. Онда астық пен ұнды экспорттауға шектеулерді алып тастау және ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота белгілеу жөнінде шешімдер қабылданды.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Сайлау жүйесін жаңғыртудың маңызы аса жоғары

Президенттің бұл Жолдауы ерекше жағдайда жарияланды. Қаңтар оқиғасы, қала берді, Конституцияға өзгерістер енгізуді мақсат еткен жалпыұлттық референдумнан кейін Жолдаудың маңыздылығы жоғары. Еліміздің экономикалық дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән берілуі заңдылық. Ал бұл екі бағыт – Жолдаудың негізгі бөлігі.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Жастарды жарылқаған Жолдау

Мемлекет басшысының Жолдауын ұзақ мерзімді кезеңге арналған бағдарламалық құжат деп санауға болады. Бүгінгі мемлекеттік саясат адами келбетке ие болуымен, әрбір қазақстандықтың әл-қуатын арттыруға бағытталуымен аса құнды және маңызды.