Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24561 материал табылды

Мереке • 31 Мамыр, 2023

Балалар ауылындағы мереке

«SOS Астана балалар ауылы» мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар – өмір гүлі» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған еліміздің Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері қатысты.

Олимпиада • 31 Мамыр, 2023

Топ жарғандар

Физикадан «Asian Physics Olympiad» (APhO) 23-ші олимпиа­да­сында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз бір алтын, екі қола медаль иеленді.

Тарих • 31 Мамыр, 2023

Жазықсыз жазаланған Қабдолла ақсақалдың қилы тағдыры

Сталиндік қанқұйлы қуғын-сүргін туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Арада қанша уақыт өтіп, неше ұрпақ алмасса да, қанды іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Ел жадынан өшпек емес. Халқымызды қынадай қырған зұлмат заманның табы Жалтыр ауылын да айналып өткен жоқ. Қаншама қарапайым адам нақақтан-нақақ күйіп кеткенін үлкендер айтып отыратын.

Тарих • 31 Мамыр, 2023

Қызыл саясат құрбаны

Халық басына түскен қасіретті нәубеттің ең орасаны өткен ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін еді. Осы кезеңде ойдан шығарылған жалған айыппен ұлт кадрларына да қара семсер сілтелді. Зұлмат жылдардағы сұрқия саясаттың кесірінен зардап шеккендердің бірі қазіргі Жақсы ауданының Алғабас елді мекенінде 1903 жылы дүниеге келген Нұрғали Нұрсейітұлы болатын.

Таным • 31 Мамыр, 2023

Жаһаншаның дипломдық жұмысы

Халықтан сүйіншілейтін жаңалыққа кенеліп отырмыз. Мәскеу архивтерінің бірі­нен алашордашы Жаһанша Досмұхамедұлының 1910 жылы жазылған дипломдық жұмысы табылды. Аталған еңбек «Қазақтың әдет заңының негізгі ұйғарымдары және оларды жүзеге асырушы орган ретіндегі халық соты» деп аталады. Құнды қазынаны шаң басқан архивтен аршып алып, қазағымен қауыштырған – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымы, PhD, Мұхтар Исаев. Бұл ретте зерттеушінің ғылымдағы елеулі табысына алғыс білдіре отырып, мақаласын оқырман назарына ұсынамыз. Редакция

Спорт • 31 Мамыр, 2023

Киберспорт - онлайн спорттың жаңа дәуірі

Киберспорт аз уақыт ішінде барлық ойыншыларды біріктіретін және бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың назарын аударатын жаһандық индустрияға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таным • 31 Мамыр, 2023

Эстетиканың адам психологиясына әсері қандай?

Эстетика - бұл сұлулық пен өнерге арналған зерттеу саласы. Бейнелеу эстетикада басты рөл атқарады, өйткені ол бізге қоршаған әлемнің сұлулығын қабылдауға және бағалауға мүмкіндік береді. 

Таным • 31 Мамыр, 2023

Gallup тесті туралы білесіз бе?

Адам баласының бойында өзіне тән ерекшеліктер мен ерекше қасиеттер болады. Gallup (CliftonStrengths34) қоғамдық институтының зерттеуі бойынша, адам өзінің озық тұстарын біліп, тиімді пайдаланса, өмірі жақсы жаққа өзгереді.

Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Смағұл Сәдуақасұлының рухына құран бағышталды

Бүгін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының рухына құран бағышталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерде • 31 Мамыр, 2023

Ұжымдастыру зардабы

Мал бағумен күнелтіп отырған көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп оты­рықшылыққа көшіру саясаты қазақ ауы­лына аса қатты соққы болды. Бұл ежелден қалыптасқан шаруашылықты біржола қиратты. 1920-1930 жылдары көш­­­пелі шаруа­шылық елдегі басқа аудан­дардың экономикасымен ауқым­даса отырып, табиғи шама-шар­қын әлі де болса сарқа қойған жоқ еді. Сол кездегі индустриясы дамымаған, өн­дір­гіш күштері әлсіз Қазақстан сияқ­ты табиғи-географиялық ортада көш­пелі мал шаруашылығы тиімді бола­тын. Өйт­кені жайылымды мал шаруа­шылығы қазақтың кең-байтақ дала­сындағы шөл­ді және шөлейт жерлер­ді тиімді әдіс­пен игеріп, соншама кеңістікті өзінің әлеу­меттік болмысына қызмет еттіруге бейімдеп, табиғатпен сіңісіп кетудің бірден-бір тәсілі еді.

Яндекс.Метрика