Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қоғам • 26 Қаңтар, 2022

Азаматтарды қолдау мен әл-ауқатын жақсарту – негізгі міндет

Қазақстан қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға және жүйелі түрде қайта құруға бағытталған үлкен өзгеріс алдында тұр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл өзгерістердің өзегі азаматтарды қолдау мен олардың әл-ауқатын, әлеуметтік ахуалын жақсарту болады.

Өнер • 25 Қаңтар, 2022

«Меццо» телеарнасының рейтингіне енді

«Астана Операның» жаһандық музыкалық жобасы – Г.Малердің әйгілі №8 симфониясын «Астана Операның» бас дирижері, атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен 1200 әртістің орындауы еуропалық танымал «Меццо» телеарнасында көрермендердің зор қызығушылығын туғызды.

Білім • 24 Қаңтар, 2022

Бағалау – жетістікке жетуге қажетті құзыреттілік

Еліміздегі кез келген реформа әрбір азаматқа тікелей қатысты. Әсіресе, білім сала­сы сөз болғанда, ешкім де сырт қала алмайды. Отандық және халық­аралық тәжірибе көрсеткендей, білім беру саясатындағы реформаларды оң­тайлы жүзеге асыру білім саласының қазіргі ахуалын, оның тиімділігін, пай­да­ланылатын адами, ақпараттық, қаржылық және басқа да ресурстардың дең­гейін өлшеуге мүмкіндік беретін бағалау жүйесі енгізілген жағдайда ғана мүм­кін болады.  

Руханият • 24 Қаңтар, 2022

Көке

Біреулер оны Көлаға дейді, құрдастары Кө­леке деп құрметтейді, мен Көлбай көке дей­мін. Неге екенін білмеймін, қазақтың осы сөзі өзіме ұнайды. Осы сөзде көп адам аңғара бермейтін бір қасиет бардай көрі­неді. Мақаламызға арқау болып отырған Көлбай Адырбекұлы менің ұғымымда жалғыз мен емес, мен секілді талай ізбасар інілерге көке болуға әбден лайық жан. Неге дейсіз бе? Себебі ол ұлт үшін, ел қамы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей мазасыз күй кешіп, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жоғалтқанын түгендеп, ертеңіне алаңдап, не істесе де ардан аттамай, ұяттан безбей, алдағы толқын ағаларын ардақтап, кейінгі толқын інілерін аялап, алға сүйреп жүрген шын мәніндегі асыл азамат.  

Қоғам • 24 Қаңтар, 2022

Қауіпсіздік жүйесін реформалау – өмір талабынан туындаған міндет

 «Қаңтар трагедиясы» еліміздің тарихындағы ең бір қанды да қаралы оқиға ретінде есте қалатыны сөзсіз. Халқымыз бен мемлекетіміздің тағдыры аса қауіпті де қатерлі сыннан өтті. Президентіміз дер кезінде жедел шешімдер қабылдап, облыс орталықтарындағы мемлекеттік ғимараттарға террорлық шабуыл жасаған беймәлім қарулы топтарға тойтарыс беру туралы қатаң да батыл бұйрықтар берді, төтенше жағдай енгізді, өзінің жігері мен қайсарлығын көрсетті, Ақордадан тапжылмай, күн демей, түн демей барлық жағдайды өзі тікелей қадағалап, қабылдаған шешімдері мен олардың нәтижелерін жұртшылыққа ашық айтып отырды. Солардың нәтижесінде және антқа адал күштік құрылымдар қызметкерлерінің жанқиярлығының арқасында елдігіміз бен мемлекеттігіміз сақталып қалды. Елімізде орын алған бұл қанды оқиға әлем жұртшылығын да дүр сілкіндірді, олардың да алаңдаушылығын тудырды.  

Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022

Жаңа Қазақстанға ең бірінші білімді ұрпақ қажет

Қазіргі уақыт – өте күрделі кезең. Кешегі елімізде болған жағдай бәрімізді ойландырады. Қазіргі кезең өткен 30 жыл уақытқа да басқаша қарауға міндеттейді. Президенттің жаңа Қазақстан құру туралы айтып жатқан мәселелері орынды. Ең алдымен жемқорлықты тоқтату керек. Басқару жүйесін өзгерту қажет. Шешім қабылдайтын орталық мамандардың жауапкершіліктен қорықпайтындай басқаша ынталандыру жүйесін қарастыру керек деп санаймын.

Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022

Асығыс шешім

Қазақстанда «Қасіретті қаңтар» оқиғасына байланысты бүкіл рес­пуб­лика бойынша жарияланған төтенше жағдай аяқталмай жатып, Еу­ро­па пар­ламенті 19 қаңтар күні осы оқиғаларға қатысты қарарды тал­қы­лау­ға кірісіп кетті. Тіпті 20 қаңтар күні оны асығыс жағдайда қабылдап үл­герді.

Экономика • 23 Қаңтар, 2022

Энергетика – экономика драйвері

Екібастұз – еліміздің энергетикалық орталығы. Мұнда бүкіл Қазақстандағы энергияның 40 пайызы өндіріледі. Көмірлі шаһардағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 стансалары Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймағының негізгі энергия көздері болып саналады. Аталған стансалар әлдеқалай «түшкірер» болса, өзге нысандардың «тұмауратып» қалатыны да сондықтан.

Қазақстан • 21 Қаңтар, 2022

Жастар санасына қозғау салады

Президентіміз Қ.Тоқаевтың батыл шешімдері арқылы елге төнген қауіп-қатерге тойтарыс берілді. Қазақстан халқына үндеуінде Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз мемлекеттік егемендігіміз бен территориямыздың бүтіндігіне нұқсан келтіруге жол бермейміз» дей отырып, мұндай оқиғалардың қайталанбау керектігін қадап айтты.

Білім • 21 Қаңтар, 2022

Жоғары білімге мән беру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан­да дамудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Да­мудың жаңа кезеңі ел экономикасы мен әлеуе­тін көтеруден басталатыны заңды ғой. Дегенмен барлық бағытта мемлекетті дамыта­тын жаңа кезеңнің жаңа тұлғаларын дайын­дайтын білім беру саласына айрықша мән бер­ген жөн. Мұны Президенттің өзі «Жаңа эконо­мика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды» деп атап өтті.