Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Пікір • 26 Қараша, 2021

Ұрпаққа аманат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын ұсынды. Елбасының жас ұрпаққа жолдаған үндеуі жастарға тың қарқын беретін маңызды құ­жат екені сөзсіз. Үндеуде еліміз жетіс­тікке жету жолында жастар қандай құн­дылықтарға басымдық беру керектігі  жөнінде айтылды.

Пікір • 26 Қараша, 2021

Ұлт ретінде сақталудың формуласы

Елбасымыздың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы ерекше әсер етті. Бұл – ұлт болып сақталудың формуласы, халқымыздың жаңа замандағы жүрер жолы.

Пікір • 26 Қараша, 2021

Көкейімізге сенім ұялатты

Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын оқып, жылы қабылдадым. Әр тұғырдың желісін «Тәуелсіздік» ұғымынан алып өрген Елбасының жас ұрпаққа жолдаған үндеуі мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының арасынан тамаша сабақтастықты, үйлесімді байқадым.

Тәуелсіздік • 26 Қараша, 2021

Тілді ұмытпау – Тәуелсіздікті ұлықтау

Ел көсегесін көгертер бірнеше стратегиялық бағдарлама әзірленуде. Соның барлығы халықтың санасын, ақыл-ойын дамытып, рухани тұрғыда кемелдендіреді.

Пікір • 26 Қараша, 2021

Ел болашағына арналған ой-толғамдар

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздігімізді нығайтып, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды қолдап, ұлттық мәдениетімізді насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қою арқылы жасампаз ел болатынымызды атап көрсете отырып, халыққа «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын ұсынғаны белгілі. Бүгінде осы қағидаттар жиынтығын қоғам жылы қабылдап отыр. Осы орайда көптеген отан­дасымыз редакциямызға аталған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарына қатысты ыстық ықыласын білдіре келіп, өз ой-пікірлерін жолдауда.

Қазақстан • 26 Қараша, 2021

Тарихи мекенге саяхат

Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық білім ордасы. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды» деп, ұлт болашағын ұлттық білім беру ордасында, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін баса айтқан.

Білім • 26 Қараша, 2021

Алтынсарин нұсқаулығындағы педагогикалық талаптар

Ыбырай Алтынсарин мек­тептің басты мақсаты – ба­ла­­ның дұрыс тәрбие алып шығуы болуы керек деген қағи­даны ұстанды. Бұл ағар­тушының губернаторларға, оқу инспекторларына жаз­ған хаттары мен есептерінен айқын аңғарылады. Сол ке­зеңдегі орыс билігінің қа­­зақ жерінен мектеп ашудағы бас­­ты мақсаты қазақ бала­ларына білім беруден гөрі қазақ қоғамын орыстандыру және орыс жазуын енгі­зу арқылы отарлау саясаты бол­ғаны мәлім.

Қазақстан • 25 Қараша, 2021

Өндірушілерді қолдауға бағытталған іс-шаралар

Қазақстанда жергілікті үлесті арттыру, отандық кәсіп­керлерді қолдау шараларының аясын кеңейтіп, жергілікті өндірісті ынталандыру тетіктерін көбейту туралы Елбасы–Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та нақты тапсырмалар бергені анық.

Пікір • 25 Қараша, 2021

Жастарға жол сілтейтін Темірқазық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дəуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Елбасы Тəуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктері ретінде қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрғанымызды, сындарлы саясат жүргізіп, əлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырғанымызды, əлем картасында егемен еліміздің ойып тұрып орын алғанын айта келіп, «ең бастысы, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тəуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды», деді.

Әдебиет • 24 Қараша, 2021

«Жусан иісі», «Жәмила» және «Шинель» немесе ащы шөптің тәтті дәмі

Әуелгі сөзді «Жусан иісінен» бастайық. ХХ ғасырдың 60-жылдарының белортасында жазылған шығарма Сайын Мұратбеков есімін аспанға шығарды. Бейімбет Майлиннен кейін қарақоңыр тіршілікті жан тебірентерлік қарапайым мақаммен жазған хикаятты үлкен-кіші іздеп жүріп оқыды, «Жусан иісі» кітапханада тұрмады, қолдан-қолға өткен кітаптың мұқабасында алақан­ның табы қалып, жұлым-жұлым болып көнеріп кетті. Көзі­қарақтылар бас қосқан жерде «Жусан иісі» сөз болып, реалистік қазақ прозасының үлгілі туындысы әркімнің жанын тербеп, кітапқұмарлар қызу әңгіменің көрігін қыздырды.