Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Таным • 24 Қараша, 2021

Өнегеге толы өмір: Қалық Абдуллаев туралы толғаныс

Қалық Абдуллаев − кеңестік кезең тұсында еңбек жолын бастап, еліміз тәуелсіздік алған кезде жаңа қоғамның жаңалығынан жасқанбай, белсенді түрде талай жаңа бастамаларды көтеріп, егемендіктің іргесін мықтап қалауға қатысқан қайраткер. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктерінің бірі болып, небір жауапты тапсырмаларды мүлтіксіз атқарып, адалдығымен, талапшылдығымен, мемлекетшілдігімен ерекшеленді.    

Қазақстан • 24 Қараша, 2021

Арнайы қызметтің арландары

Күштік құрылымдардың, әскери күштердің қатарында ерекше әзірлігімен, физикалық-моральдық тұрғыдан іріктелген, кез келген қауіпті тапсырманы орындауға әзір арнайы жасақтары, бөлімшелері бар екені белгілі.

Таным • 24 Қараша, 2021

Саяси қуғын-сүргіндер: Зерттеу мен зерделеу

Отыз жыл ішінде қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның тамырлары 1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгiсiмен құрылған Манаш Қозыбаев бастаған «Әділет» тарихи – ағарту қоғамының жүйелі, тыңғылықты жұмысынан бастау алады. Осы жылдан  бастап отандық ғалымдарымыз 1920-1950 жылдардағы ашаршылық нәубеті мен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жалпыұлттық деңгейге көтерді, 90-жылдары «архив революциясы» басталды, көптеген ғылыми диссертациялар қорғалды.

Қазақстан • 24 Қараша, 2021

Мемлекеттік тілді білу – азаматтық парыз

Еліміздегі басты мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында KEGOC АҚ ұжымында мемлекеттік тіл мен ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін бірқатар іс-шарадан тұратын арнайы жоспар бекітілген болатын. Мақала барысында осы жоспар аясында және өзге де атқарылып жатқан игі шаралар жайында кеңірек тоқталатын боламыз.

Қазақстан • 24 Қараша, 2021

Қазақстан – әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз алдына «әлеуметтік бағдар ұстанған, нарықтық экономикасы бар қуатты егеменді мемлекет құру» міндетін қойды және ол жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына негіз болды.

Руханият • 23 Қараша, 2021

Абыз Әбіштің Музасы

Клара Шайыр ауылындағы мектептің жетінші класында оқып жүргенде оқушылардың мектепаралық фестиваліне қатысады. Орыс тілінде өлең оқып, екінші орынға ие болады. Сол кезде есіктің алдында үш-төрт баланың арасында тұрған Әбіштің көзіне түседі. Клубтың іші салқын болса керек, оның жеңіл киінгенін көрген Әбіш: «Апырым-ай, мына қыз тоңып қалмаса екен» депті. Кейіннен сегізінші класқа жеткенде, Клара Үштағанға көшеді. Сондағы Таушық мектеп-интернатында ауданның 13 колхозынан келген балалар оқитын болады. Солардың ішінде Әбіш те бар еді. Осылайша, бұлар Таушықта тағы кездесіп, бір мектепте оқи бастайды. Әбекең интернатта тұрып оқыса, Клара туыс аға-жеңгесінің үйінде тұрады. Клара Әбіштен бір класс төмен оқыған. Сол кезден бастап екеуі бір-біріне көңіл аудара бастайды. Әбіш комсомол ұйымының хатшысы, ал Клара – ұйымның мүшесі. Осылайша, 9-клас­та Әбіш жүріс-тұрысы да, өзі де сұлу, қос жуан бұрымы көйлегінің етегінен түскен аласа бойлы қызға ғашық болып қалады.

Экономика • 23 Қараша, 2021

Almaty Investment Forum - 2021 іс-шарасы өтеді

2021 жылдың 2 желтоқсанында онлайн форматта Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған Almaty Investment Forum 2021 өтеді.     

Туризм • 23 Қараша, 2021

Туысқан елден үйренеріміз көп

Мәліметтер бойынша туризмді де тұралатып тастаған індет алдында Түркияға 45,8 млн саяхатшы келіп, туристердің ең көп келетін елдер арасында алтыншы орынды алыпты. Біздің елімізден де жылына 400 мыңға жуық адам осында демалады екен.

Тәуелсіздік • 22 Қараша, 2021

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдады.

Елбасы • 21 Қараша, 2021

Үшқоңырдан ұшқан сұңқар

Мен ғана емес, бүкіл әлем Елбасы­ның туған жерін көргісі келеді. Оның өскен ортасын, оқыған мектебін, білім көгіне, тіршілік нәріне ұмтылысын білуге құштар. Бұл мақсат мені де талаптандырды, Арқадан Алатауға аттандым.