Қазақстан • 15 Қараша, 2020
Н.Назарбаев орталығының БҰҰ-мен серіктестігі артып келеді
Қазақстан Республикасы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған алғашқы күндерден бастап, БҰҰ-ның барлық негізгі органдары, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің қақтығыстарды шешу, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, терроризммен күрес, конфессияаралық және ұлтаралық диалог сияқты басымдықтарды ілгерілету мақсатындағы жұмыстарына қатысады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2020
Смағұл Садуақасұлының 120 жылдығына арналған жиын өтті
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекет және қоғам қайраткері, алаш азаматы Смағұл Садуақасұлының 120 жылдығына арналған «Қазағын қастерлеген қайсар тұлға» атты онлайн дөңгелек үстелін өткізді.
Саясат • 13 Қараша, 2020
Заңсыз қару сақтағандарды анықтады
Түркістан облысы полиция департаментінің бұйрығына сәйкес қараша айының 5-7-сі аралығында облыс көлемінде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген.
Оқиға • 13 Қараша, 2020
Құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті
Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға құжат ресімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылған. Осыған байланысты Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, құжаттанбаған тұрғынның барын анықтаған. Содан кейін Мақтаарал ауданының тұрғыны Кульдастар Мирзаеваға құжатын жасап беруге көмек берілді.
Саясат • 13 Қараша, 2020
Кезектен тыс онлайн-конференция
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеядағы тұрақты комиссиялардың кезектен тыс бірлескен отырысы бейнеконференция байланысы сипатында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 13 Қараша, 2020
Ерлердің ерлігі лайықты бағаланса екен
Әріптесіміз, журналист Баян Қуандыққызының «Egemen Qazaqstan» газетінде 2020 жылғы 10 қараша күні жарияланған «Іздеусіз ер, сұраусыз ерлік» мақаласын үлкен ризашылықпен оқып шықтық. Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Серікбай Тұрлыбаевтың анасы Сәпен апаймен жүздескен журналистің әрбір сөзін тебіренбей оқу мүмкін емес. Баян Қуандыққызы бұл мақаланы Сәпен апай мен өзінің атынан ғана емес, барлық ауған соғысына қатысқан сарбаз аналардың атынан жазып отырғандай ерекше әсер қалдырады.
Қоғам • 13 Қараша, 2020
Бізде волонтерлік туралы сөз қозғағанда оны асармен байланыстыра қарау бар. Волонтерлік қызметтің ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған түрде жүргізілетіні белгілі. Сондықтан сол ұйымдаспаған, яғни өздігінен атқарылатын бір мезгілдік, бір реттік және эпизодтық қоғамдық жұмыстар кезінде асардың кейбір белгілерінің болуы бұлардың арасында тек жалпы ұқсастықтың бар екендігін меңзеуі мүмкін.
Қаржы • 13 Қараша, 2020
Экономикалық жаңғыруға бастаған алғашқы қадам
КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік валюта – рубль тәуелсіз дамудың алғашқы кезеңінде барлық посткеңестік мемлекеттерге, оның ішінде ТМД-ға кірмеген елдерге мұра болып қалды. Бірқатар себептерге байланысты, ең алдымен саяси сипатта, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке деген ұмтылысы, сондай-ақ социалистік директивалық экономика моделінен заңнаманы нарықтық тез заңдастыруға көшудің мүмкін еместігі салдарынан біртұтас валюта (рубль) аймағын сақтау сәтсіздікке ұшырады.
Қоғам • 13 Қараша, 2020
Биыл мамыр айының басында Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Бұл – ардагерлер қауымы сағына күткен заң еді. Осы заңның аясында «Ардагер» деген атымыз бен затымызды, әлеуметтік құқығымызды, қоғамдағы өз орнымызды заңмен бекітіп, айшықтағандаймыз. Алайда аталған заңда ҰОС, Ауғанстан, Ирак, Қарабақтағы, тағы басқа да жекелеген соғыс ошақтарының, сондай-ақ 1986-1987 жылдардағы Чернобыль апатының зардабымен күресу бағыттары ғана негізге алынған сияқты. Тіпті өзіміздің Семей сынақ алаңы да, ештеңе болмағандай-ақ, Чернобыльдің көлеңкесінде қалып қойған тәрізді.
Таным • 13 Қараша, 2020
Бауыр басқан Зекең – Зейнулла Жарқынбаев редакторлықтан босады. Қым-қуыт әңгіме өрбіді. Неге босады? Арыз жазғыштардың қардай борап тұрған кезі. Бірер азаматтың арызымен мұның алдындағы редакторымыз Хамза Сыздықов орынбасарлыққа төмендеген еді. Ал Зекең төмендемеді, облыстық Кеңес төрағасының орынбасары болды. Ол кісі – әскери адам. Ешкімге илікпейтін, Кеңес төрағасы Ә.Асқаровпен шәлкем-шалыс келді деп еститінбіз. Зекең үзеңгі қағыстырып, тік айтар мінезін Кеңес төрағасымен қызметтес болғанда да байқатты. Тумысы бөлек атбегі Көштай атаның тәрбиесін көрген Зекеңнің тура бидей тіке айтатын мінезіне қайран қалатын едік.