Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Қоғам • 13 Мамыр, 2021

Түркістанның жаңа дәуірі

Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығы етіп жариялаған тарихи шешіміне бірер айда үш жыл толады. Жаһанға жария етілген хабарды алғаш естігенде отандастарымыз ақ түйенің қарны жарылғандай сүйіншілеп, Жаратқанға шүкіршілік айтып, Мемлекет басшысының кемелдігіне, көрегендігіне тамсанып, «тілден, көзден сақтасын!» деп тебіренген.

12 Мамыр, 2021

Ораза айт күні сәресі ішіле ме?

Жыл сайын ораза айт күні жақындағанда қойылатын бұл сұраққа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл әлеуметтік желіде жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 12 Мамыр, 2021

Қызылжар өңірі қалай Қазақ Республикасына қайтарылды?

РСФСР Совнаркомының 1919 жылғы 10 шілдедегі «Қырғыз өлкесін басқаратын Төңкеріс комитеті туралы» декретінде: «Қырғыз өлкесінің аумағы анықталғанша, Төңкеріс комитетінің ...қарауына Астрахан губерниясындағы қырғыз жерлері және Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары қарайтыны жазылған болатын.

Қоғам • 12 Мамыр, 2021

Кәсіпкерлік идеяға – жарты млн теңге

Қазақстанның 20 үкіметтік емес ұйымы өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден алады. Бұл туралы «Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы» қо­ғам­дық қорының «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету» Республикалық жобасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасында шағын грант­­тар конкурсын бастауға арналған онлайн баспасөз кон­фе­­рен­циясы барысында белгілі болды.

Білім • 12 Мамыр, 2021

Заманмен рухтас оқу орны

Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық және Еуразия университетінің 25 жылдық мерейтойы – жаңаның басы болған жасампаз белесті анық­тайды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев астананы Арқа төсіне көшірер алдында алысты болжап, Ақмоладағы аймақтық универ­ситетті толық жаңғыртуға және оның еуразиялық миссиясын айқындауға тапсырма берді. Тарих көзімен қарағанда, бұл – ғасырлық оқиға.

Әлем • 12 Мамыр, 2021

Францияда мәдениет майданы қызды

ЛОНДОН. Франция президенті Эммануэль Макрон қайтыс болғанына 200 жыл болған Наполеон Бонопарттың қабіріне гүл шоғын қою арқылы елдегі мәдениет майданын одан әрі күшейте түсті. Франциядағы қоғамға түскен жікті жазуға мүмкіндік бар ма, әлде кейбіреулер болжағандай, мемлекет «қанқұйлы азаматтық соғыстың» алдында тұр ма?

Әдебиет • 12 Мамыр, 2021

Тереңдік тағылымы

Формациялық даму үлгісі ғана емес, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқса­майтын халықтардың арасын жақындата түскені үшін адам баласы ең алдымен әдебиетке қарыздар. Сөз өнері қиялымыз туғызған мына фәнидің жалған көрінісі екеніне қарамастан, ол бізге күрмеуі күрделі тіршіліктің тереңінде жасырынған құндылықтарды табуға көмектесіп келеді. Нәсілдік, діни-ғұрыптық айырмашылығымызға, қай жерде, (мейлі ол сахараның шөлі ме, әлде, теңіздің көк майса жағалауы ма, немесе тіпті шексіздігі сағымды да адастыратын кең байтақ дала ма) туып, пешенемізге қандай ұлттың өкілі болу тағдыры жазылғанына қарамастан әдебиет бәрімізді мұңайтатын, қуантатын, табыстыратын, таңғалдыратын, біріктіретін, аяушылығымызды оятып, бауырмашылдық сезімімізді арттыра түсетін, ақылмен түсіндіріп бере алмайтын, біздің санамыздан да биік тұрған – Құдайдың құпиясы.

Әлем • 11 Мамыр, 2021

Мораль және вакцина нарығы

ИТАКА. Коронавирус пандемиясының екінші толқыны біріншісінің ауырлық дәрежесінен асып түскендіктен, жаһандық бифуркация анық аңғарылады. Пандемия бақуатты елдерде біртіндеп, түрлі деңгейде азайып келеді. Бірақ дамушы, енді дамып келе жатқан бірнеше мемлекетте, әсіресе, Үндістанда өршіп тұр. Сонымен қатар Бангладеш, Пәкістан, Түркия, Филиппин, Эфиопия және Кения секілді елдерде де індет қарқыны басылар емес.

Руханият • 11 Мамыр, 2021

Қасым сүйген Сақыпжамал

Ақын Қасым Аманжоловтың өмір жолы да, өнер hәм өлең жолы да күрделі, қайшылықтарға толы болғанын білеміз. Әкесінен ерте айырылып, жетім өсті. Балалық шағы аштық пен жоқшылыққа тап келді. Ұлан-ғайыр даланың бір қиырынан екінші қиырына көшті. Сұм соғыстың сұрапылын бастан кешті. Майдан даласындағы оқ пен оттан, қар мен мұздан, окоптағы сыздан денеге дерт жабысты. Соғыстан кейінгі бейбіт жылдардың өзінде баспананың қиындығын бастан өткерді. Әдебиеттегі «әдеби иттердің» де әлегі көп болды. Осының бәріне қайсар Қасым шыдады. Бөрі секілді білдірмеді. Өзін де, отбасын да отты өлеңдерімен асырады, жылытты, жұбатты...

Спорт • 11 Мамыр, 2021

Жазғы Олимпия ойындары өте ме?

Токио – 2020 Жазғы Олимпия және Паралимпиада ойындары – биылғы жоспарланған әлемдік деңгейдегі ең ірі халықаралық шаралардың бірі екені сөзсіз. Атының өзі айтып тұрғандай, былтыр жазда өтуі тиіс болған XXXII Жазғы Олимпия ойындары дүниені дүрліктерген COVID-19 індетіне байланысты бір жылға шегерілген еді. Олай болса, бүгінгі таңда жапон елінің саяси-әлеуметтік жағдайы қалай боп тұр, жазда әлем жұрты Олимпия ойындарын тамашалай ала ма?! Халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырған бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне қатысты оқырмандарымызбен ой бөлісуді жөн көрдік.