Таным • 27 Қазан, 2020
(Жалғасы. Басы 204-нөмірде) Бату бастаған әскер Ока өзенінің бойымен Коломнаға беттеді. Владимирдің ұлы князь Юрий Всеволодовичтің ұлы Всеволод бастап келген қолы Рязань қосындарының қалған-құтқан сілемдерімен Коломнаны қорғамақ болған әрекетінен ештеңе өнбеді. Рязань князі Роман Игоревич өліп, Всеволод шағын қосынымен Владимирге қашып құтылды. Содан кейін моңғол қолы, Джувейнидің айтуынша «М.к.с.» деген қалаға беттеді, орыс ғалымдары «М.к.с.»-тің Мәскеу екеніне күмән келтірмейді. Ол Владимир князьдігіне бағынышты жаңадан салынған қала болғанмен, халқы өте көп еді. Джувейни: «Халқы құмырсқадай, болмаса шегірткедей қаптаған қала еді, айналасы саз балшық және ну орман, орманының қалыңдығы соншалық – жылан жылжып өте алмастай еді. Моңғол патшазадалары қаланы жан-жағынан қоршап, ағаштарды отап шауып, қатарынан үш-төрт арба өтетіндей ғып жол салып, сол жолмен тас ататын қаруларын сүйреп әкелді. Бірнеше күннен кейін қаланың өзі жоқ, аты ғана қалды. Ханзадалар қолға түсіп тұтқын болғандардың оң құлағын кесуге жарлық шығарды. 270 мың адамның құлағы кесілді», деп хикаялайды (Ата-Малік Джувайни. Тарих-и Джахангушай // История Казахстана в персидских источниках. Т.IV. А-ты, 2006. 59-59 бб.). Рашид-ад-диннің мәлімдеуінше: Мәскеуді «бес күнде жермен жексен етті».
Тарих • 27 Қазан, 2020
1906 жылы Қазан қаласындағы Каримовтер баспасынан шағатай тілінде С.Хаммадовтың «Ішкі Орда қазақ хандары туралы» атты кітапшасы жарық көрген. Аталған кітап бұл күндері Ресей Федерациясы мемлекеттік кітапханасының қорында сақтаулы тұр. Ал оның авторы Сабыр Хаммадов деген кім еді? Бұрын бұл азамат туралы неге естілмеді?
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Жатақханалар тексерістен өтіп жатыр
Биыл жасотандық белсенділер ақпан айында еліміздің барлық облысындағы 270-тен астам жоғары оқу орны мен 375 колледждін жатақханаларын тексеруді бастаған-ды.
Әдебиет • 27 Қазан, 2020
Архетиптік желілер (Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романы туралы аз-кем сөз)
Зерттеуші кез келген туындыны ғылыми елекке саларда оның «даралық» және «жалпылық» сипаттарына назар аударуы тиіс. Себебі даралық сипаттан – қаламгердің стилі, жалпылықтан – әдебиеттің мызғымас заңдылықтары көрінеді. Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы жайлы сөз қозғағанда, оның «жабағылана ұйысқан» тың теңеулері мен тұрақты тіркестері, тұңғиық мұңы мен шексіз сағынышы тілге тиек болып жатады.
Президент • 27 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Қазан, 2020
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қазан, 2020
Елордалық волонтерлер штабы қазан айынан бастап ПД, әкімшілік және СЭС қызметкерлерімен бірігіп, тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 26 Қазан, 2020
Теректіде 11 мың гектар жер қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық жерлерді сол жерде нақты шаруамен айналысатын кәсіпорындарға, шаруа қожалықтарына беру, жерді дұрыс пайдаланбайтын иелерінен қайтару үрдісі жолға қойылған.
Оқиға • 26 Қазан, 2020
Ізгі ниетті іске асыруға қолдау білдірді
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Ұлттық музейде «Волонтерлік жобаларды қолдау» атты шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Пікір • 26 Қазан, 2020
Ұлт тарихындағы ұлы тұлға Абай бабамыз туралы Елбасының «Абай аманаты» атты маңызы терең мақаласын үлкен тебіреніспен оқыдым. Туынды Тұңғыш Президентіміздің Абайды алғаш таныған кезінен басталып, ұлы ойшылдың өсиет сөздерімен өрілген. Мақаланы оқу арқылы Елбасы өміріне, оның ішінде ел басқарудағы іс-әрекетіне ақынның ғибраттары қаншалықты әсер еткенін біле түстім.