Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Саясат • 01 Қазан, 2020

Таулы Қарабақтағы ахуал талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Пікір • 01 Қазан, 2020

Ұлттық болмыс жауапкершілікке үндейді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне қатысты реформаларды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі баяндалады. Мемлекеттік басқару теориясында құқықтық, саяси және басқарушылық тәсілдер мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын қалыптастыратындығы айтылады. Ал басқарушылық тәсілде айтылғандай, мемлекеттік басқарудің тиімділігі, үнемділігі, нәтижелілігі мен әлеуметтік жауапкершілігі негізгі құндылық саналады.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

Кезекті смартфон арқылы брондай алады

Енді ХҚКО-ға және Маман­дандырылған ХҚКО-ға кезекке тікелей eGovMobile қосым­шасында тапсырыс беруге немесе қайта брондауға болады. Бұл үшін ең жақын орналасқан ХҚКО/Мамандандырылған ХҚКО-ны және келуге ыңғайлы күн мен уақытты таңдау керек.­ Қызметті пайдалану үшін «Ар­найы қызметтер» бөлімінде «Кезекті онлайн брондауды» таң­дау қажет.

Абай • 01 Қазан, 2020

Міндетіміз – хакім Абайды ХХІІ ғасырға жеткізу

«Хакім Абайдың идеялары – ХХІ ғасырда» тақырыбында өрбіген онлайн отырыста алыс-жақын шетелдердегі зиялы қауым өкілдері мен Абай мұрасын зерттеуші ғалымдар бас қосты.

Тарих • 01 Қазан, 2020

27 жамбылдық батыр атанған

Екінші дүниежүзілік соғыста кеңес әскерінің жеңіске жетуіне қазақ халқы зор үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Мәскеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерлік көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Балтық бойын азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.

Тарих • 01 Қазан, 2020

Хаттар генерал өмірінен сыр шертеді

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толды. Кеңес Одағы мен фашистік Германияның арасындағы алапат майданға қазақ даласынан жүз мыңдаған адам жұмылдырылды. Қатардағы жауынгерден бастап әскери білімі бар санаулы қазақ офицерлері соғыс қимылдарына қатысты. Солардың бірі де бірегейі болған Шәкір Жексенбаев туралы қазіргі ұрпақ біле ме екен?

Руханият • 01 Қазан, 2020

Асыл дініміз – ұлттық бірлігіміздің өзегі

Заман әсте өзгеріп, адамдар қобалжу күйге түсті. Төтеннен келген індет ешкімді аяр түрі жоқ. Сен кедейсің бе, байсың ба, бәрібір. Жолындағысын жапырып, қаншама бейкүнә жандарды өзінің өлім құрығына түсіріп жатыр-ақ. Ешкім де, еш өркениет те бұған қарсы тұра алар емес, қауқарсыз кейіпте. Мүйізі қарағайдай, аузымен құс ілген еңселі елдер де титтей бір вирустың қарымынан аластала алар емес.

Оқиға • 01 Қазан, 2020

Тілімізді тұғырына қондырайық

Қазақ тілін дамыту, оның мемлекеттік тіл мәрте­бе­сіндегі деңгейі туралы айтып, жазып жүрген тіл жа­на­шырлары жеткілікті. Алай­да еліне етене жақын «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген ел аға­лары М.Жолдасбеков пен Б.Бодаубайдың туған тіл­дің тағдыры туралы мем­лекеттік маңызы бар мә­селе көтерген мақаласы тілші-ғалым ретінде мені тебі­рентіп, қолыма қалам алғызды.

Қоғам • 01 Қазан, 2020

Жылқы баптау – қанға біткен қасиет

Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бәйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.