Пікір • 18 Қыркүйек, 2020
Осы күні көзі ашық, көкірегі ояу деген адамдардың өзі қайсыбір ісіне есеп беруден қалып бара жатқандай әсер қалдырады. Баласын, немересін бақшаға, мектепке орналастыру үшін тамыр-таныс іздейді, жақыны мен туысы сырқаттанып қалса, ауруханаға жатқызу мақсатымен араға кісі салады. Сыйлыққа, марапатқа, атаққа ұсынылса да өзіне емес, өзге біреуге иек артады.
Таным • 18 Қыркүйек, 2020
Биыл қазақтың көрнекті ғалымы, саяхатшы, географ, тарихтанушы және этнолог, жазушы, суретші, қазақ фольклортануының ғылыми негіздерін салушы, демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл толып отыр.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2020
Қазіргі кезде, еліміздің тәуелсіздікке қолы жеткен жағдайында тарихи тұлғаларды терең зерттеп және олардың еңбегін ғылыми тұрғыдан насихаттау ұлттық сананы оятудың ең негізгі факторы болып табылады. Сондықтан біз мақаламызда Алаш зиялыларының дін туралы айтқан кейбір ойларына тоқталып отырмыз.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2020
Көне Созақ жері – небір хас таланттарды дүниеге әкелген өлке. Осындай құнарлы топырақта туып, халқының мақтанышына айналған қазақтың марқасқа ұлдарының бірі Асекең – Асқар Сүлейменов болатын.
Білім • 18 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
...шынайылыққа шақырады Абайдың өсиеті адастырмайды «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлы боласың», деп тұтас елдің қамын күйттеп, рухани жоғын түгендеген Абайдың айтқанына ден қоятын уақытқа келдік.
• 17 Қыркүйек, 2020
Алматылықтар дәрігерлерге жылы лебіздерін білдірді
Бүгінгідей індет уақытында қандай мемлекет болсын, қандай адам болмасын оңай тиіп тұрмағаны анық. Еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда ақ халатты абзал жандарымыз жанкештілік танытып, алғы шепте болды.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020
150 килодан астам есірткі тәркіледі
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2020
Сөзі өтімді, ісі өнімді қайраткер еді
Уақыт шіркін зымырап, заман сырғып өтуде. Сол сынаптай сырғыған сағым жылдар санатында азды-көпті ғұмырының саналы жылдарын мәнді де мағыналы өткізген, адал еңбегін туған еліне, ауылы мен аймағына арнап, жұртшылықтың есінде ұзақ сақталатын азаматтар болады. Осындай өнегелі өмір кешкен ел ағасының қатарында Құсайын Бижанұлы да бар еді.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2020
1993 жылдың сәуір айында Жапониядан бері ұшқан ұшақ ішінде Бақтияр Байсейітовке бір жағы амалсыз, бір жағы намыс буғаннан өтірік айтып едім… Сол жолы Жапонияның Хиросима қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтті. Бұған дейін Кеңес Одағының біріншіліктерінде бәсекеге түсіп келген Қазақ елінің бас құрамасы құрлық чемпионатына бірінші рет барды. Хиросимаға аттанар алдында көңіліміз көтеріңкі, жігіттерге сенімді едік. Тоқсан бірінші жылғы КСРО Халықтары спартакиадасы мен тоқсан екідегі ТМД чемпионатында сәтті белдескен балуандарымыз алғашқы Азия чемпионатында олжаға молынан кенелер деп үміттенгеніміз рас.