Оқиға • 14 Қыркүйек, 2020
Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы іздеу тобымен бірлесе отырып Батыс Қазақстан облысы аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған Тынық мұхиты флотының теңіз жаяу әскері мен бейбіт тұрғындардың сүйектерін іздеуге бағытталған археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.
Руханият • 14 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай арнайы үндеу жариялағаны мәлім. Үндеуінде Президент Қ.Тоқаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан басталған тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын айтты.
Тарих • 14 Қыркүйек, 2020
Зұлмат жылдар зобалаңы толыққанды баға беруді қажет етеді
ХХ ғасырдағы қазақтың көрген құқайы аз емес. Ғасыр басындағы Ұлт-азаттық көтерілісі, Октябрь төңкерісі, қайталап соққан аштық, саяси қуғын-сүргін, соғыс теңіз толқынындай қуалай келіп, қазақты жүдетіп ғана емес, жер бетінен ысырып тастай жаздады. Саяси қуғын-сүргін мен бас-аяғы он шақты жылдың ішінде екі рет қайталанған алапат аштықтан халық қынадай қырылды.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020
Мүгедектікке жәрдемақы төлемі – 243 млрд теңге
Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 243 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
Абай • 14 Қыркүйек, 2020
«Құтты білік» және Абай туралы
Өтүкен жазирасында бағзы ғасырдан тәбарак болып жетіп, түркі өркениетінің тұма бастауында тұрған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жыры түркі елінің ту көтеріп тұғырлы мемлекет орнатып, ұлыстың іргесін бекітіп, бауырластардың басын қосып, ынтымағын ұйыстырып, сыртқы жауларға жорық жасаған ерлігін жыр етсе, Қарахандар дәуірінде хатқа түскен «Құтадғу білік» дастанында ислам мәдениетін игеріп, сымбат түзеген халқымыздың қоғамдық-ой санасында орын алған рухани елеулі құбылыстар мемлекеттік жүйенің мүддесі мен талабы тұрғысынан сараланып, әлеуметтік-саяси, дидактикалық-моральдық аса бай мазмұнда шыншыл да сыршыл суреткерлікпен бедерленеді. Орхон жырларында жорық дүбірі, эпикалық қаһармандық тыныс мейлінше басым болса, Жүсіп Баласағұн дастанында адамның ішкі жан дүниесі, рухани кемелдену жолдары, этикалық құндылықтар, адам мен мемлекеттің, патша мен халықтың қарым-қатынасы, қоғамдағы түрлі топтардың мінез-құлқы, ой-танымы білгірлікпен жырланады.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік қызметке мән беретін кез келді
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 100 мыңнан астам бұзушылық анықталып отыр. Бұл туралы өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының маңызды мәселелеріне арналған бейнеконференцияда баяндалды.
Руханият • 14 Қыркүйек, 2020
Қазақ – Жұбан ақын айтқандай, шынымен-ақ, «мың өліп, мың тірілген» халық. Өлген емей немене, «басы барды еңкейткен, тізесі барды бүгілткен» арғықазақ заманындағы ұлы бабалардың бүгінге дейін жер-жаһанның айтулы ғұламаларын таң-тамаша қалдырумен келе жатқан мол мұрасынан көз жазып қала жаздадық.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020
Қазір қосылған жастар арасында көп ұзамай-ақ: «бір-бірімізді кезінде терең ұқпаппыз, біліп-түсінбеппіз» және де басқа себептерді алға тартып, ұшырасқан қиындықтарды желеу етіп ажырасу үрдісі кең қанат жайып келеді. Тіпті, оған олар еш қиналмайтын, сөкет көрмейтін, арланбайтын, намыстанбайтын дәрежеге жеткен сияқты. Сондықтан болар қоғамымызда баласы бар жалғыз басты әйелдер, әйелсіз жүрген жастар жылдан-жылға көбейіп барады. Ол қазіргі демографияны қатерлі көрсеткіштерге жеткізіп отыр.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздің алдағы дамуының нақты бағыттарын көрсетіп берді. Ең бастысы, бұл құжат нақтылық пен дәлдікке ие, еліміздегі барлық мәселе ауқымды түрде қамтылған.
Пікір • 11 Қыркүйек, 2020
Таяуда халыққа жолданған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауында мемлекеттік қызметті жетілдіруге айрықша мән беріліп отыр. Алдымызға асқаралы міндеттер қойылды. Мақсат – белгілі, бағыт – айқын.