Пікір • 07 Қыркүйек, 2020
Квазимемлекеттік ұйымдарды азайту – уақтылы шешім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басымдық бергені байқалды. Әсіресе еліміздегі тұрғын үй құрылыс саласында атқарылатын жұмыстарға айрықша тоқталды.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2020
Ұлттың жаңа болмысы отбасынан бастап қалыптасады
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы көптің көкейіндегі көкейкесті, түйткілді жайттарды қозғап отыр. Он бір тараудан тұратын маңызды құжаттың әр бөлімінің атқарар жүгі салмақты. Біздің ойымызша сол өзекті ойлардың барлығы «Ұлттың жаңа болмысы» деп аталатын соңғы тарауда тоғысатын сияқты. Бұл тарау Президент Жолдауының қорытындысы, Темірқазығы іспеттес.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2020
Ертеңімізге бастайтын маңызды қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауы қазіргі күрделі кезеңде республика халқын елең еткізген ерекше Жолдау болды. Жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемия зардаптары сейілмей отырған бүгінгі таңда экономикалық дағдарыс пен халықтың әл-ауқатының төмендеуі әрбір азаматты толғандырып, көкейде мың-сан сауал туындатып отырғаны белгілі.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2020
Қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекет кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау арқылы көмектесіп отыр. Жеке компанияларды кешенді қолдау және оны шектеуші факторлардың болмауы – ерекше маңызды. Қаржыландырудың жанама әдістері өзгерістерге оңай бейімделуге мүмкіндік береді және жеке секторды субсидиялаудың икемді құралы.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік экономикалық және геосаяси ахуалға байланысты сынақ кезеңі бізді айналып өтпейтіні туралы болжамы тура келді. Қазақстан екі фактормен – пандемиядан кейінгі өзгерген құндылықтар және жаһандық дағдарыс жағдайында өмір сүруде. Әскери-саяси тұрақсыздық, әлеуметтік және көші-қон мәселелері, саяси процестер осы себептердің салдарынан туындайды.
Медицина • 07 Қыркүйек, 2020
Қарапайым медициналық көмекке мұқтаж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында медицинаның дамуына тың серпін берілетінін атап өтті. Әсіресе, ауылдық елді мекендердегі тиімді денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге 3 жылдай уақыт қажеттігін айтты. Шын мәнінде, бұл – игі бастама. Мемлекетіміздің құндылығы – халық десек, халық үшін бастысы – денсаулық. Елді мекендердегі халық денсаулығы, әсіресе, өзекті.
Медицина • 07 Қыркүйек, 2020
Денсаулық сақтау саласына жіті көңіл бөлінеді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы тапсырмалар бойынша баяндама жасап, Премьер-Министр Асқар Маминге биыл және алдағы уақытта атқарылатын жоспарларын жеткізді.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020
«Құпия пациент» акциясы медицина қызметкерлерінің біліктілігін анықтады
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Құпия пациент» акциясы елордадағы медицина ұйымдарының МӘМС жүйесі бойынша біліктіліктерін анықтап берді. Аталған қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қор тамыз айының соңғы онкүндігінде еліміздің 700-ден астам медицина ұйымында «Құпия пациент» акциясын өткізді.
Саясат • 07 Қыркүйек, 2020
Күн тәртібінде – экономикалық интеграция
Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде телекөпір режімінде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2020
Әділетті мемлекет құру – басты мақсат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында дамудың ең басты приоритеті азаматтарымыздың әлеуметтік жағынан қамтылуы екенін атап көрсетті.