Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Саясат • 20 Тамыз, 2020

Б.Байбек: Nur Otan праймеризі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының нақты іске асырылуы

Бауыржан Байбек отандық бірқатар саясаттанушы, сарапшы, қоғам қайраткері мен басқа да белсенді қазақстандықтар құрған Nur Otan партиясы Жақтастарының лигасымен кездесті. Кездесу барысында тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкілі өз сұрақтарын қойып, Nur Otan партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Саясат • 20 Тамыз, 2020

Қазақстан-Украина: Өзара сауда төмендеді

Жуырда бейнеконференция режімінде Қазақстанның Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Т.Качканың тең төрағалық етуімен, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысы өтті.

Қазақстан • 20 Тамыз, 2020

52 мыңнан астам адам төлем алды

2020 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдерді 52,3 мың адам алды.

Саясат • 20 Тамыз, 2020

Педагогикалық кеңестер өтіп жатыр

Елімізде мектеп директорлары оқу жылы басталар алдында педагогикалық кеңестер өткізіп жатыр. Әр білім беру ұйымының басшысы ұжымына мектепте оқу жылы қалай басталатынын, штаттық режімде оқитындар үшін қандай санитарлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын, балаларды қашықтан оқыту үшін мектеп қандай платформаны таңдағанын, бағалау жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгенін және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де сауалдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Футбол • 20 Тамыз, 2020

Ішкі чемпионат қайта жалғасты

Пандемияға байланысты екі рет кейінге шегерілген футболдан Қазақ­стан чемпионаты 18 тамызда қайта жалғасты. Біріншіліктің алғашқы күні 4-турдың үш ойыны өтті.

Оқиға • 20 Тамыз, 2020

Өткенді өшіруге болмайды

Аң аулау – ертеден қалыптасқан ұлттық болмысымызға тән салт. Аңшы десе көз алдымызға – жүйрік атты ерттеп мініп, соңына құмай тазы ерткен, иығына берен мылтық асынып, қолына қыран бүркіт қондырған мол пошымды тұлға елестері анық.

Парламент • 20 Тамыз, 2020

Жаңа оқу жылына дайындық мәселесі депутаттар назарында

Қазіргі таңда аймақтарда жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары жаңа оқу жылына дайындық жағдайын да назарға алуда.

Қоғам • 20 Тамыз, 2020

Әскери дәрігерлер тәжірибе алмасуда

Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлерінің бірлескен жұмысы Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің әскери госпитальдарында жүргізілуде. Ресейлік мамандар COVID-19-дан емдеудің қазақстандық хаттамасын зерттеп, коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеу процесіне қатысады, сондай-ақ жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы тәжірибелерімен бөліседі.

Президент • 20 Тамыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізгі мақсат – жемқорлықты түбегейлі жою

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сы­байлас жемқорлыққа қар­сы күрес мәселелері жөнін­де кеңес өткізді. Кеңес­те Президент сыбай­лас жемқорлық жағдай­лары­ның саны әлі де азаймай тұрғанын атап көрсетті.

Оқиға • 19 Тамыз, 2020

«Жануарлар – менің достарым!»

Жуырда «Жануарлар – менің достарым!» атты балалар суретінің республикалық конкурсы мәресіне жетті. Жеңімпаздар есімі бүгін байқаудың бас демеушісі Edu Stream компаниясының Youtube парақшасында онлайн марапаттау салтанатында жарияланады. Топ жарып шыққан 12 бала пандемиядан кейін Венаға сапарлайтын болады.