Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Алматыда «Қазақфильм» ғимараты өртке оранды

Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке іріктеу сарапшылардың қатысуымен өтуде

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімдерінің барынша ашықтығы мен объективтілігі заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге музейде онлайн экскурсия ұйымдастырылды

Аталған ерекше идеяның бастамашысы Ақтөбе облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті болды.

Қоғам • 14 Тамыз, 2020

Еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді

13 тамызда еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында түрлі саланың жас ғалымдары «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын және праймериз туралы ғылыми жұмыстар жасауға дайынекенін мәлімдеді.

Медицина • 14 Тамыз, 2020

МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын 5 сауал

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылды? МӘМС жүйесінде мәртебе «сақтандырылмаған» болып шықса, қайда жүгінуге болады? Азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаты тарапынан жиі қойылатын осы және өзге де сауалдарға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап береді.

Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

Елімізде карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Саясат • 14 Тамыз, 2020

Өңірлердегі жобалар ел игілігіне айналуы тиіс

Сенаторлар Ғ.Дүйсембаев пен Л.Сүлеймен Атырау облысына сапар барысында Махамбет және Исатай аудандарына барды. Соның аясында олар Айсары арнасының және Махамбет ауылында Жайық өзенінің үстінен салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті білім ошағына арнайы ат басын бұрып, мектептің алдағы оқу жылына, соның ішінде қашықтан оқыту форматына дайындығын пысықтады.

Пікір • 14 Тамыз, 2020

Жүректердің дауасы

Заңғар таулардың алыстаған сайын биіктей беретіні секілді, жылдар жылжып, уақыт ағыны сыр­ғыған сайын қазақ санасында Шәмші Қалдаяқовтың аяулы есімі биіктей бермек. Ән болып жаралған Шәмші саналы ғұмырында тұтас даланы әнмен әлдиледі. Халықтың ішінде жүріп, туған еліне деген ақ адал махаббатын әнмен әдіптеді. Шәмші әлемі сезім дейтін тылсымды иірімге салып, өзіне қарай тарта беретін қуатты күш. Оның әні қазақ мәдениетінің сарқылмас қазынасына, інжу-маржан мұрасына айналғалы қашан. Тума таланттың қай туындысы болмасын өмірдің өзінен алынған. Сезіміңді толқытпауы, көңіліңді тербемеуі, жүрегіңді елжіретпеуі мүмкін емес.

Оқиға • 14 Тамыз, 2020

Композитор мұрасы әлі де зерттелуі керек

Шәмші атамыздың көзін көрмесем де, ол кісінің әндерінің менің өмірімде алатын орны өте жоғары. 1968 жылы жазылып, 44 жыл бойы ақын М.Ша­хановтың жеке архивінде жатып қалған «Сүймегендер сағынбайды» әнінің алғашқы орындаушысы болу да мен үшін мәртебе.

Руханият • 14 Тамыз, 2020

Сол күндерді сағынамын...

Шәмші – дос... Шәмші – сырлас... Шәмші – бауыр... Қазақ ән өне­рі үшін аяулы осы бір ныспыны еске алғанда, әрине ойға көп дү­ниенің оралатыны рас. Өйткені бізді шыға­рмашылықтан бөлек, адами ізгі қарым-қатынас, достық пейіл, ниет­тестік де табыстырғаны хақ. Шәм­­ші­мен алғаш рет 1957 жылдың қараша айында Қазақстан композиторлар одағының кезекті байқауының талқылау сәтінде жүздесіп, сол жерде таныстық. Сол таныстық кейін екеу­міздің шығармашылық өмірімізге үлкен бір даңғыл жол ашып берді. 1957 жылдың аяғынан бастап эфирге бірге шықтық. Содан бері өле-өлгенше жұбымыз жазылған жоқ. Тіпті бір үйде тұрдық. Отбасын құрғанымда Шәмші «Бәрінен де сен сұлу» деген әнін үйлену тойымызға шашу ретінде әкеліп, дастарқан үстінде тұсауын кескенбіз. Сондықтан да Шәмші әндерінің көпшілігінің туу тарихы күні кешегідей көз алдымда.