Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21633 материал табылды

Пікір • 06 Қаңтар, 2021

Жаһандық ой жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы болашаққа бағдар береді.

Пікір • 06 Қаңтар, 2021

Ұлт алдындағы жаңа міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым. Қазақ халқына шындықты дәлелді айту үшін жазылған терең мағыналы, мазмұнды мақала екен. Қазақстанды басқарып отырған осындай басшының болғанына қуандым.

Пікір • 06 Қаңтар, 2021

Ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайды

Тәуелсіздік алған 30 жылда қол жеткізген биігіміз, сондай-ақ алдағы алынар асуымыз, бағындырар бағытымыз туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың толғамдары жүрекке жылы тиіп, зиялы қауымға, әсіресе тілші-ғалымдар мен жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлауда елеулі еңбек етіп жүргендерге жол көрсетер мемлекеттік маңызы мол мәселеге үн қосуды азаматтық парызым санап, қолға қалам алған жайым бар.

Пікір • 06 Қаңтар, 2021

Экономика саяси реформа арқылы дамиды

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір маңызды мәселеге жауап берді деп ойлаймын. Бізде бұрын даму қарқыны 4,5 пайыз болып, сосын одан да төмендеп кеткен.

Пікір • 06 Қаңтар, 2021

Еліміздің болашағы жастардың қолында

Қоғамға терең ой салар Президент мақаласын оқи отырып, тарихы ғасырлар қойнауына кететін қазақ халқы үшін қастерлі ұғым – тәуелсіздіктің әрқайсысымыз үшін басты құндылық екендігіне тағы да бір тереңнен үңіліп, ата-бабаларымыз аманаттап кеткен ұлан-ғайыр атамекеніміздің асқақ екенін жүрек елегінен өткізгендей әсерде болатынымыз хақ.

Абай • 06 Қаңтар, 2021

Абай ақындығының алтын бастауы

Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазып қалдырған төрт нұсқасы бар. Ұлы ақын он жасқа келгенде әкесі Се­мей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұ­дан бұрын қырда да Абайдың біраз оқы­ғандығы айтылады. Ақынды ауылында оқытқан молда туралы С.Мұқанов былай деп жазады: «Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін татар молдаға сабаққа береді. Ға­битхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ даласына келеді де, Балқаш көлінің шығыс жақ жиегін мекендеп отыр­ған керей руында Шүршіт атты байға көп тоқырайды. Келесі жылы Көкшетау дей­тін жерде Құнанбай көршілес көп руларды шақырып, өлген әкесі Өскенбайға ас береді. Сол асқа Шүршіт Ғабитханды ала келіп: «Біздің ел дін жолына шорқақ, дінді жақсы ұстап тұрған Құнанбай, сен осының қолында қал», дейді. Ғабитхан бұл сөзге көнген соң, Шүршіт Құнанбайға Ғабитханды қалдырып кетеді. Құнанбай Ғабитханды аулына алып келіп, қазір Ескітам аталатын жерге медресе салады. Абайды және ауылдың басқа балаларын сол медресеге сабаққа береді. Бұл – Шыңғыс тауының өлкесіне бірінші орнаған медресе. Ғабитханның мұсылманша білімі қаншалық болғандығы туралы сақталған материал жоқ. Бірақ Құнанбай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып, Семейдегі медресеге жіберуіне қарағанда, Ғабитхан оншалық мол білімді адам болмау керек».

Таным • 06 Қаңтар, 2021

Түркістан легионы (Мұстафа Шоқайды көрген қарт майдангер Салықжан Қасенұлының әңгімесі)

1984 жыл. Алматы ауылшаруа­шылық институтының жеміс-жи­дек факультетін бітіріп, Алма­ты облысы Еңбекшіқазақ ауданын­дағы Кеңес Одағының қос батыры Қашаған Жаманқараев, Рахымжан Тоқатаевтай ағаларымыздың кін­дік қаны тамған Қаракемер совхозына қызметке барған кезім. Бір күні жұмыс орныма есекке мінген, артына қоңыр қодығы ілескен жасы алпыстан асып қалған бір ақсақал іздеп келді.

Руханият • 06 Қаңтар, 2021

Академик тағылымы

Менің сөзді бірден Оразақ Смағұлов тағылымынан бастауыма әйгілі философ Николай Бердяевтің төмендегі тағылымдық түйіндері себепші болып еді: «Адам – адамзат әлеміне ұлт адамдары ретінде енеді. Ұлт адамы – ұлттық қаны бар, дербес ұлттық болмысы бар адам. Мәдениет ешуақытта жалпылама адамзаттық болған емес. Ол барлық кезеңдерде нақты адамдық, яғни нақты ұлттық болған».

Пікір • 05 Қаңтар, 2021

Ел де, жер де жақсы атқа лайық

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында, мемлекеттілік жаңғырып орныққан кезде көптің көкейінде жүрген мәселені қайта қараудың қисыны бар. Алғаш рет, сонау 1993 жылы түрлі геосаяси, басқа да қиындықтарға қарамай Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаев осы бағыттағы сауапты қадамға ұйытқы болғанын білеміз.

Парламент • 05 Қаңтар, 2021

Тәуелсіздіктің алтын арқауы – ұлттық мүдде

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы 5-ші қаңтары күнгі «Егемен Қазақстан» газетінде осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толатындығын және тарихтың осы бір аса қысқа мерзімінде қандай тарихи жетістіктер мен табыстарға қол жеткізгендігіміз жайлы жан-жақты баяндап берді. Президентіміз айтып отырғанындай, біз үшін Тәуелсіздік бәрінен де қымбат екендігін әрбір қазақстандық жете сезіне білуге тиісті.