Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21633 материал табылды

Әдебиет • 01 Қаңтар, 2021

Жыл заңы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласы аясында бекітіліп, 2017 жылдан бас­тап іске асқан «Қоғамдық ма­ңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағи­далары» бағдарламасы бо­йынша автор құқығы 70 жылға шектелетін. Бұл қағидаға  қо­ғам­да түрлі наразы пікірлер туын­даған болатын.

Оқиға • 01 Қаңтар, 2021

Жыл тақырыбы

Әлем әдебиетінде бас-аяғы 36 драмалық сюжет бар дейді Жорж Польти. Барлық сюжет Гілгәмеш, яғни бәрін көрген батыр жайлы дастанда, ғұлама Гомердің жыр-аңыздарында, қасиетті кітаптарда тасқа басқандай таңбаланып, сан алуан ситуациялар жазылған, айтылған, жетер жеріне жеткен. Бірақ әрбір дәуір өзінің жаңа идеяларымен, жаңа тақырыптарымен келеді. Мысалы, біздің заманның маңдайына жазылған жаңа тақырып жаһандық пандемия, жануар-жәндіктен жұғатын вирус.

Әдебиет • 01 Қаңтар, 2021

Жыл әңгімесі

Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұржан Қуантай­ұлының «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Үрейлі үш күн» атты әңгімесі оқыр­­ман қауымның назарын ауда­рып, біршама уақыт бойы әлеу­меттік желіде талқы­ланды.

Әдебиет • 01 Қаңтар, 2021

Жыл шешімі

Заманында заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов алған (1949) Сталиндік сыйлық (бірінші дәрежелі) кейін КСРО Мемлекеттік сыйлығы болып аталды.

Қазақстан • 01 Қаңтар, 2021

Тәңірі алқаған Тәуелсіздікке – 30 жыл!

Биыл – Алаш ба­ласын шексіз қуа­нышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді әлемге жария қылған Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.  

Қоғам • 01 Қаңтар, 2021

Жол құрылысының қарқыны қандай?

Индустрия және инфра­құрылымдық даму минис­тр­лігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов «Қаз­Авто­Жол», «Жол ак­тив­­­те­рінің ұлттық сапа ор­та­лы­ғы» және «Қазақ­авто­жол­дың» Пав­лодар және Шы­ғыс Қа­зақ­­стан облыс­та­рын­дағы фи­лиал­­дары­ның ұжым­да­ры­мен кез­­десті.

Руханият • 31 Желтоқсан, 2020

Шалқар радиосына - 55 жыл!

1966 жылы 1 қаңтарда Шалқар радиосы алғаш хабар таратты. Содан бері Шалқар радиосы елдегі тек мемлекеттік тілде хабар тарататын ұлтымыздың үнжариясына айналды. Бүгінде Шалқар  радиосы құрамында Қазақ, Астана және Классик радиолары бар «Қазақ радиолары» ЖШС қатарында күнделікті тыңдармандарын ақжолтай жаңалықтарымен қуантып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 31 Желтоқсан, 2020

Қордай оқиғасынан не түйдік?

Өткен ширек ғасыр ішінде бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі мен тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың табандылығының арқасында тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясаты айқындалып, этносаралық және конфессияаралық келісім моделінің қазақстандық үлгісі дүниеге келді, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Әлем • 31 Желтоқсан, 2020

Пандемия һәм жаһандық саясат

Биыл әлем мемлекеттері басшылары өз елдерінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру салалары мен әлеуметтік мәселелерін шешуде үлкен қиындықтарға тап болды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында да жағдай мәз болмады. Індет жұғады деген қауіппен көршілес елдер шекарасын жауып, әуе жол қатынасы белгілі бір деңгейде үзілді. Осы орайда халықаралық қоғамдастықтың белді де белсенді мүшесі Қазақ­станның сыртқы саясаттағы жағдайын саралап көруді жөн көрдік.

Руханият • 31 Желтоқсан, 2020

Жыл...

...әншісі Димаш АҚШ-тың MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атануы 2020 жылдың елеулі жаңалығы ретінде тарихта қалды. Кәрі құрылықты өнерімен тәнті еткен әншінің клипін MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы миллиондаған өнерсүйер қауым ерекше ықыласпен қабыл алды.