Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21633 материал табылды

Пікір • 05 Қаңтар, 2021

Ел тәуелсіз болмай – тіл тәуелсіз болмайды

Тәуелсіздік алған 30 жылда қол жеткізген биігіміз, сондай-ақ алдағы алынар асуымыз, бағындырар бағытымыз туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың толғамдары жүрекке жылы тиіп, зиялы қауымға, әсіресе тілші-ғалымдар мен жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлауда елеулі еңбек етіп жүргендерге жол көрсетер мемлекеттік маңызы мол мәселеге үн қосуды азаматтық парызым санап, қолға қалам алған жайым бар.

Қазақстан • 05 Қаңтар, 2021

Елдің дамуы – бағдарын дұрыс айқындауына тәуелді

Тәуелсіздік жылдарындағы заттанған уақыт пен санадағы ұлт тарихының белесті бедерлері тарихи жадының еншісіне енді. Жетістіктеріміз туралы саясаткерлердің үлкен сандар жөніндегі баянынан кеңінен хабардармыз. Еселенген табыстардың барлығы мемлекетшіл рухтың қол жеткізген нәтижесі деп атап өтуге болады. Көптеген шаруамыз қалыпқа келіп, заманауи мемлекет құра білдік. Қарапайым күнкөріс деңгейі күрделі тіршілік ету формасына ауысты. Қазақстандық көптеген отбасы тек құлқынды қанағатандыру үшін өмір сүрмей, жақсы білім алуға, саяхаттауға ұмтылып, құнды қағаздар нарығының қатысушысы бола алатын деңгейге жетті. Бұл тұрмыстың әлдеқайда оңалғандығын, өмір сүру ұмтылыстарының күрделенгенін көрсетеді.

Оқиға • 05 Қаңтар, 2021

Педагогтерге пәтер берілді

Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында білім беру саласының қызметкерлеріне пәтер кілттері тапсырылды. Білім беру саласында 18 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, көп балалы ана Лаура Өтепбергенова Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа пәтердің иесі атанды.

Қоғам • 05 Қаңтар, 2021

Денсаулыққа бейжай қарамайық

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаса керек. Адам – өз денсаулығының сақшысы. Кейде жалқаулығымыздың кесірінен денсаулығымызға немқұрайлы қарап, соңынан бармақ тістеп, өкініп жататынымыз да бар.

Сайлау • 05 Қаңтар, 2021

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

«Сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімін тексеру туралы»

Таным • 05 Қаңтар, 2021

Азаттықты аңсаған алдаспан Исатай Тайманұлының күрескерлік қыры хақында

Тәуелсіздік туралы толғанғанда алдымен елін, жерін қорғаған батыр бабалардың өшпес өнегесі ойға оралады. Қазақ халқының азаттығын аңсаған сондай біртуар перзенттің бірегейі – Исатай батыр Тайманұлы.

Білім • 05 Қаңтар, 2021

Өнерге баулитын онлайн дәріс

Қазіргі білім беру саласында жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, ұлттық санасы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беру маңызды. Осы тұрғыда Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлағатты ұрпақ» онлайн-оқыту бағдарламасы қолға алынды. Мұндай жоба Қазақстанның мәдениетінің дамуына, сонымен қатар білім беру саласының өркендеуіне үздіксіз үлес қосуда.

Білім • 05 Қаңтар, 2021

Интернетте оқып жүр...

«Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы...» Иә, бұрындары қазақ баласы интернатта білім алса, бүгінде білім көзі – интернет. Онсыз да онлайн оқу өріс ала бастаған заманда індет қаупі төніп, бұл жаңашылдық білім беру жүйесіне жеделдетіп енгізіле бастады. Осы тұста олқылықтар байқалып, білім беру мекемелері қашықтан оқыту режіміне дайын болмай шықты. Мүлтіксіз онлайн оқытуға мүмкіндік беретін платформамыз да болмады.

Экология • 05 Қаңтар, 2021

Экология ертеңді күтпейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы елімізде қорда­ланып қалған күрделі мәселелерді анықтап көрсетті. Солар­дың ең бастыларының бірі – республикамыздың кең байтақ жеріндегі табиғаттың тозып, бүлінуі.

Президент • 05 Қаңтар, 2021

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.