Әлем • 31 Наурыз, 2021
Технология саласында демократия орнату
Қазіргі таңда әлем бұрын-соңды кездеспеген жаһандық апатқа тап келіп отыр. Климаттың өзгеруі – бүкіл әлем елдерінің тізе қосуын, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруын» қажет етеді. Осыдан бес жыл бұрын шартараптың түкпір-түкпірінен мемлекеттер басшылары жиналып, Париж келісіміне қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, әр ел парникті газдарды шығаруды азайтуға уәде берген. Еуропалық комиссия президенті Урсула вон ден Ляйен, Еуропалық инвестициялық банк президенті Вернер Хойер бүгінгі мақаласында жаһандық жылыну мәселесіне назар аударады. Авторлардың айтуынша, Еуропалық одақ қабылдаған Жасыл келісімшарттың аясын кеңейтіп, жаһандық жасыл келісімге қол қою қажет. Бұл тұрғыда шартарапты жасыл энергияға көшіруге кәрі құрлық көмек көрсетпек. Келесі мақала технология саласындағы маңызды мәселелерге арналған. НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, АҚШ пен Еуропа елдерінің технологияға қатысты ережелерде ортақ келісімге келе алмауы автократиялы елдердің оң жамбасына келіп отыр. Осылайша, олар өздерінің ережелерін жүзеге асыра бастады. Мақала авторы бұған жол бермес үшін АҚШ пен Еуропа ортақ келісімге келуі керек деп есептейді. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Елбасы • 31 Наурыз, 2021
«Түркістан альбомы» – әлемдік және ұлттық құндылық
Біз Түркістанды жақсы көреміз. Түркістан арқылы сан мың жылдық тарихымызды, тағдырымызды барлап, сынған құмыраны бүтіндегендей, іргесі мен қабырғасынан сыз өтіп, күмбезі мортыққан ғимаратты жаңғыртқандай өткенімізді қалпына келтіреміз. Түбірін тарихи «түрік» десек те, ресми «түркі» десек те, Түркістан бізге ғана емес, тұтас Тұран жұртына ыстық. Ақын Мағжан айтқандай, ол – екі дүниенің (пәни мен бақи) есігі болғаны өз алдына, ескі мен жаңаның да қақпасы. Әрі алтын арқауы.
Тарих • 30 Наурыз, 2021
Университетке түскен жылы менің өмірімде ұлт тарихы мен бодандыққа қарсы бас көтерген халық ақындарына деген махаббатымды оятып жіберген бірнеше оқиға болды.
Парламент • 30 Наурыз, 2021
Парламент Сенатының Бюро мүшелері биылғы 1 сәуірде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Бар әлемді шуағына бөлеген көктем жаршысындай болып төл мерекеміз Наурыз да келіп жетті. Күн мен түн теңеліп, табиғат жаңаратын, тіршілік атаулы қайта оянатын Ұлыстың ұлы күнін күллі қазақ халқы қуана қарсы алды. Мен қазақ халқы деген ұғымға елімізде тұрып жатқан тағдыр-тілегі, мұрат-мақсаты бір жүз сан ұлттың бәрін сыйғызып айтып отырмын.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Адал мемлекеттік қызметшіге кім араша түседі?
Мемлекеттік басқару жүйесі ретке келтіріліп, оның күретамыры ретіндегі мемлекеттік қызметтің басты бағыт-бағдарлары айқындалған. Адал қызмет істеймін дегендерге барлық мүмкіндік жасалған.
Тарих • 29 Наурыз, 2021
Павлодар уезінен шыққан тұңғыш фельдшер қазақ
ХІХ ғасыр қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. Ресей империясының протекциясына толықтай кіргесін, жаңадан орнаған тәртіп халқымыздың көшпенді тірлігіне барынша әсер етті. Қазақтардың арасында дихандар, балықшылар, қолөнершілер, саудагерлер ғана емес, сондай-ақ, мұғалімдер, дәрігерлер, генералдар, жазушылар, суретшілер, тіпті спортшылар да пайда бола бастады. Енді қазақ халқы осындай жаңашылдыққа ұмтылған, іскерлік қабілеті мол, әрі білімді адамдарды үлгі тұтатын болды. Осындай елге танымал және үлгі болған адамдардың бірі – Павлодар уезінің тұңғыш дәрігер-фельдшері Баймырза Тоқтағұлов еді.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
Қазақстандағы прозелитизм құбылысы немесе діни конверсия дегеніміз не?
Кеңестік одақ тарап, коммунистік идеология құрдымға кеткен соң саяси және мәдени, қоғамдық өмірде «рухани вакуум» пайда болғаны анық. Осы ретте кеңестік елдердің рухани кеңістігінде жаппай діни құндылықтар мен дәстүрге деген сұраныс артты. Қазақстан да өз кезегінде посткеңестік қауымдастықтың мүшесі ретінде бұл өзгерістерден тыс қалмады. Халықтың басым көпшілігі өз тұрмысы мен әлеуетін діни құндылықтармен бағамдап қана қоймай, дін халықтың өмірі мен салтына етене кіре бастады.
Саясат • 29 Наурыз, 2021
Денсаулық сақтау қызметінің сапасын бақылайды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына іссапары аясында қоғамдық мониторинг тобының жетекшісі Саида Таукеловамен кездесті. Жүздесуде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.