Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Пікір • 16 Наурыз, 2021

Заңның жүзеге асуына атсалысайық

Жалпы, Президенттің соңғы кездегі әр қадамы мен әр шешімін қарапайым халық жан-жақты қолдап келеді. Себебі Мемлекет басшысының осындай өзекті мәселелерге қатысты шығарған шешімінен кейін қоғамда бір саяси ерік-жігер пайда болып, халықтың арасында саяси серпіліс байқалып жүр.

Білім • 16 Наурыз, 2021

Грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер «Білім туралы» заңға 2016 жылы енгізілген болатын. Сәйкесінше бірнеше жыл бұрын Парламент енгізген өзгерістерге сәйкес, грант бойынша оқыған студенттер оқуларын аяқтаған соң мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болатын.

Экономика • 16 Наурыз, 2021

Кәсіпкер көбеймей, жағдай оңалмайды

Айтпағым – ауылдағы кадр мәселесі. Өзім туып-өскен, еңбек еткен Ақтоғайды мысалға ала отырып, қалыптасқан жағдайға көзқарасымды білдірсем деймін. Білім және ғылым министрлігі реформаны сөзбен емес, нақты іспен жүргізуі керек. Қажеті шамалы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын өзгертетін уақыт келді. Колледждердегі оқу мерзімі де өзгерістерді қажет етеді. Тек сонда ғана кадр мәселесін реттеуге болады.

Руханият • 16 Наурыз, 2021

Біртуар күйші Баламайсаң

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Тәуелсіздігіміздің мерей­лі 30 жылдығы қарсаңында біртуар тұлғаларымызды жастарға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек», деген еді. Иә, бүгінгі таңда есімі сирек аталып, күй өнерінде өзіндік ізі қалған дәулескер күйші Бала­майсаң Дауылұлының есімін осы тұста ерекше атап өтуіміз қажет.

Пікір • 16 Наурыз, 2021

Оны сатуға ешкімнің құқы жоқ

Өз басым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу мақсатында қабылдаған шешімін өте орынды және уақтылы қолға алынған істердің бірі деп санаймын. Жер тағдыры – кез келген қазақтың жанды жері.

Қоғам • 15 Наурыз, 2021

Ағартушылықты Алтынсаринмен бірге бастаған бесеу кім?

1860 жылы Орынбор облыстық басқармасының (бұрынғы Шекаралық комиссия) төрағасы В.В. Григорьев далалық Торғай, Ырғыз, №1 форт (Арал теңізі маңындағы Райым бекінісі), Перовск (қазіргі Қызылорда) бекіністерінде және  шекара бойындағы Троицк қаласында мектеп ашу үшін Орынбор мекте­бінің 5 түлегін мұғалімдік қызметке аттандырады. Біз осы Орынбор мектебі туралы мерзімдік басылымдарда  алғашқы жазыл­ған мақалалардың бірі туралы сөз қозғамақпыз. Себебі ондағы деректер көпшілікке және алтынсаринтанушыларға аса таныс емес.

Руханият • 15 Наурыз, 2021

Қасым Қайсенов – Құмкентте

Бұл 1977 жылы болған оқиға. «Созақ ауданына атақты партизан, жазушы Қасым Қайсенов келе жатыр» деген сүйінші хабар лезде-ақ тарады. Танымал тұлғаны қарсы алу үшін Теріскейдің тайлы-тұяғына дейін қамданды. Даңқы жер жаратын аңыз адамды көру кімге де болсын арман ғой.

Қазақстан • 15 Наурыз, 2021

Әкімшілік практика – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі құзырет берілетін болады.

Әлем • 15 Наурыз, 2021

Бүгін Дүниежүзілік тұтынушылар күні

Дүниежүзілік тұтынушылар күні жыл сайын бүкіл әлемде БҰҰ қолдауымен 15 наурызда аталып өтеді. Алғаш рет бұл күн 1983 жылы тойланған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Пікір • 15 Наурыз, 2021

Жеріміздің тұтастығын сақтап қалу үшін маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында өзінің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Парламент Мәжілісіне жолдағандығын мәлімдеген болатын. Осыған орай, белгілі қоғам қайраткерлерінің «Egemen Qazaqstan» газетіне жолдаған пікірлерін жариялауды жөн көрдік.